ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

ЗАРДАП ШЕККЕН ЭКСКАВАТОР ЖҮРГІЗУШІСІ КӨЗ ЖҰМДЫ

18:01, 30 шілде 2018

Ақмола облысындағы "Алтынтау-Көкшетау" кәсіпорнында болған оқыс оқиғадан кейін қос аяғынан айырылған экскаватор жүргізушісі көз жұмды. Естеріңізге салайық, 21 шілдеде кен орнында 25 жасар Мадияр Төлеубек отырған техникаға шамамен 80 тонна тас үйіндісі құлаған болатын.

Салдарынан оның қос аяғы қысылып қалады. Зардап шегуші 12 сағаттан соң ғана үйінді астынан шығарылған. Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген жігітті аман алып қалу үшін дәрігерлер қос аяғына да ампутация жасаған еді. Мадиярдың денесінде қан айналымы ұзақ уақыт дұрыс жұмыс істемегендіктен, азғасына зиян келген. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күрескенімен нәтиже болмады. 

СНХ: ДМИТРИЙ ЧАЙКОВ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕР ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///(Аударма) Науқас ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Қан айналымы дұрыс болмағандықтан бүйрегіне зақым келген. Кейін өкпесіде қалыпты жұмыс істеген жоқ. Болған жағдай оған психологиялық әсер еткені де сөзсіз. Дәрігерлер тарапынан  қолдан келгеннің барлығы жасалды. Астанадағы әріптестерімізбен де ақылдасып отырдық. Алайда, науқастың көз жұмғанын жеткізуге мәжбүрміз.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар