ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫҢЫЗДЫ ӨЗІҢІЗ РӘСІМДЕЙСІЗ

15:51, 8 қараша 2019


Енді зейнеткерлікке шығу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың  қажеті болмайды.  Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өңірдегі филиалы директорының орынбасары Виталий Городецкий айтты. Айтулы мекеме биылғы жылдың тамызынан бастап пилоттық жобаны қолға алған. Бұдан былай базалық зейнетақы мен  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін проактивті қызмет түрін қолдануға болады.

Оңай әрі жылдам. Енді зейнет жасына толардан 10 күн бұрын алдымен сізге хабарлама келеді. Зейнетақыны рәсімдеуге келісіміңізді сұрайды. Сіз жайлы ақпарат болу үшін мобильді азаматтар жүйесіне тіркелуіңіз керек.  Банктарде  немесе  «Қазпоштада» ашқан жеке есепшотыңыз болуы қажет. Мұндай проактивті қызметті алу үшін жұмыс орныңыздағы кадрлар бөліміне өз еңбек қызметіңіз жайында ақпаратты  алдын-ала  ұсынасыз. Пилоттық жобаға әзірге «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері ғана қатысады.

ВИТАЛИЙ  ГОРОДЕЦКИЙ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК  КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің   облысымызда  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 2 қызметкері қыркүйек пен қазан айларында осы пилоттық жоба аясында зейнетақысын рәсімдеді. Сондай-ақ базалық зейнетақы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері рәсімделді. Әзірге бұл жаңашылдық корпорация қызметкерлері арасында сыналады. Одан кейін ол оң нәтиже көрсетсе, өзге де мекемелерге таралады.

Сондай-ақ, бұл пилоттық жоба аясында жәрдемақы сияқты өзге де төлемдерді  алуға болады. Бүгінде корпорация проактивті қызмет түрін көбейтуде. Бұл дегеніміз – үйден шықпай-ақ кез-келген құжатыңызды электронды түрде  өзіңіз-ақ  рәсімдей аласыз.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...