ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

16:50, 7 қазан 2019

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді ауданының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен аудан әкімі лауазымына Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса тағайындалды.  Таныстыру барысында Ермек Маржықпаев жаңа әкім мен аудан активтерінің алдына біршама міндеттер жүктеді, соның бірі – «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясындағы  жол салу мен жөндеуді жүзеге асыруға бағытталған жобаларды жалғастыру және ауданның экономика саласын дамытуды басты назарда ұстауды тапсырды.   

Бауыржан Ғайса өзінің еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы қызметінен бастаған. 1992 жылдың сәуірі мен 1994 жылдың желтоқсаны аралығында Қостанай облысындағы «Күміс» шағын кәсіпорнында жұмыс істеді. 1994-2011 жылдары бірқатар жеке кәсіпорындардың басшысы болды. 2013 жылдың сәуір айында «Нұр-Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін «Нұр-Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың маусым айына дейін Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін - Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі. Осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – іс басқарушы лауазымын атқарды.
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Баршаңыз Бауыржан Сейітқалиұлын білесіздер, ол 72-ші жылы дүниеге келген, бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев ауданының тумасы. Челябі агроинженер университетін, кейін Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетін, Польша мемлекеттік экономика жоғары мектебін бітірген. 

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді ауданына әкім ретінде жаңадан тағайындалған Бауыржан Ғайсаның партия жұмысында және кәсіпорын саласында тәжірибелі маман екенін атап өтті. Аудан алдында тұрған міндеттемелер рет-ретімен тарқатылды. Әсіресе, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірталай мәселелерді қолға алып, ауданның инфрақұрылымы мен дамуы бағытында жұмыс жасауды тапсырды.

БАУЫРЖАН ҒАЙСА , ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осында қызмет ету – мен үшін абырой. Бұл зерделі мекеннен танымал тұлғалар шыққанын білеміз. Ермек Боранбайұлы, біз ауданның әлеуметтік жағдайын дамыту бағытында ерінбей еңбек ететін боламыз.

Кездесу соңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев бірқатар тапсырмалар жүктеді, сонымен қатар жаңа тағайындалған әкімді лауазымды қызметке келуімен құттықтады.  

ЕРДІГҮЛ ДӘДІДБАСҚЫЗЫ, МАДИНА СМАҒҰЛОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...