ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

18:54, 10 қазан 2018

РКС: Жиында аудан басшысы Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетіп, өңірлік дамудың болжамды нәтижесін баяндады. Сондай-ақ аудан экономикасының тұрақты өсіп отырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде ауданда бірнеше ірі жоба іске асып келеді. 

СНХ: ЖАЗИРА ҚАЗБАЕВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында жастарға ерекше көңіл бөледі. Жастар елдің болашағы екенін атап отырады. 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Бұл жаңалықты Зеренді жастары қуана-қуана қолдап жатыр. Себебі, бұл жастарымыздың бастамаларды жүзеге асыруына нақты септігін тигізбек. Зеренді ауданында жастардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Олар «Дипломмен ауылға», Жастар тәжірибесі, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, «Жасыл ел», «Болашақ» бағдарламалары. Бұл бағдарламалардың барлығы жастарға үлкен қолдау. Жастар жылы еліміздің тарихында тұңғыш рет жарияланып отыр. Біз, зеренділік жастар мемлекетіміздің дамуы үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Елбасымен әрдайым біргеміз, және оның барлық бастамаларын қолдаймыз.

РКС: Елбасының Жолдауындағы 6 басымдықтың әрқайсысы Зеренді ауданымен тығыз байланысты. Бүгінде ауданда өнеркәсіптік өндірістің үлесі 89,3%-ды құраса, ауыл шаруашылығында 7,3%-ды құрап отыр.

СНХ: КҮЛӘШ РАХЫМЖАНОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ/// Еліміздің басына күн туып, 90 жылдары қайта құру мәселесі болған уақытта көптеген ауылдарымыздың меселі шағылып қалды. Күні бүгінге дейін содан бері көтерілмеген ауылдар жоқ та болып кетті. «Ауылым – алтын бесігім, ауыл – елдің бесігі» деп атаған екен. Еліңді жақсы көргің келсе, бесігіңді түзе деді. Қазақтың жер асты, үсті байлығы да қанша ауылы болса, соны аяғынан тік тұрғызуға жетеді деп ойлаймын.  Елбасыға рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Мұндай Жолдау ауылды көтерейік, жастардың жағдайын түзейік деген Жолдау бұрыннан болмап еді. Еліміз, жеріміз көркейіп жатса, бізге одан артық бақыттың қажеті жоқ деп білемін.

РКС: Аудан басшысы Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін бірқатар бөлім, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Бағдарламалық құжатқа ден қойып, әрбір аудан тұрғынына жеткізу, орындау бәріміздің азаматтық парызымыз,-дейді аудан  басшысы.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...
АҚАН СЕРІ  ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
19:47, 7 желтоқсан 2018
АҚАН СЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
Толығырақ...