ШҰҒЫЛ! КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА Толығырақ

ЗЕРЕНДІ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОҚУ ҮРДІСІ

19:44, 15 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Өткен  оқу  жылының  соңында Зеренді  ауданындағы  бірқатар елді  мекендерде  ғаламтор  желісі  әлсіз болған  еді.  Бүгінде  өңірде  54  мектеп  штаттық  режимде жұмыс істеп жатыр.  Ал  9  білім ошағы қашықтан білім беруде. Зерделі мекеннің мектептеріндегі биылғы  оқу процесімен әріптесім  Айгүл  Мырзағалиқызы  танысып  келді.

РКС: Айдарлы  негізгі мектебінде  47  оқушы  штаттық режимде  білім  алуда. Алдымен олардың арнайы медицина қызметкері дене  қызуын өлшейді, барлық санитарлық талаптарды орындайды. Тек  содан  кейін ғана сыныпқа кіреді. Екі  ауысымда оқитын оқушылар арақашықтық сақтап отырады. Сабақтың ұзақтығы  40  мин.

СНХ: АЙДЫН МАНАП, АЙДАРЛЫ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ/// ҚАЗ/// 01:30 Мектеп толықтай барлық қажетті санитарлық құралдармен қамтылған. + 02:10 Дәлізде мұғалімдер де, оқушылар да маскамен жүреді.  Ал сабақ уақытында масканы шешіп қоюға рұқсат. + 02:25 Бір бағытты принцип бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оқушылар да, мұғалімдер де Бір есіктен кіреді, басқа есіктен шығады.

РКС: Ал  бұл  аудан орталығындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін  мектеп-гимназия.  Мұнда білім алатын 295  оқушының  114-і  кезекші және дайындық сыныптарында оқиды. Қалғандары қашықтан білім алуда. Оның екі тәсілі бар,-дейді мектеп мұғалімдері. 

СНХ: МАРЖАН   ІЛИЯСОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ/// ҚАЗ///Синхронды тәсілде мысалы біз «Дарын Онлайн», «Білім Лэнд» платформаларын пайдаланамыз. Және «Зум» бейнеконференция ұйымдастыру программасын пайдаланымз. Интернет жұмыс жасамай қалған жағдайда, балаларда сондай қиындықтар туындауы мүмкін. Сондай жағдайда біз ассинхронды оқыту әдісіне көшеміз. Балаларға білім беру порталдары арқылы тапсырмалар беріледі. Балалар соны орындайды.

РКС: Гимназияда білім алатындардың бірқатары шалғай елді мекендерде тұрады. Өткен оқу жылының соңында Үлгілі, Қошқарбай  ауылдарында интернет желісі әлсіз болып, қиындықтар туындаған еді. Аудандық білім бөлімі биыл бұл мәселе  толығымен реттелгенін айтады.  

СНХ: ДИНАРА ҚУАНЫШЕВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ/// 01:34///Қашықтан оқитын 9 мектептегі қажет болған жағдайда мүмкіндіктері шектеулі, аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы олардың барлығына мектептерден уақытша қолданысқа компьютерлер таратылды. Мүмкіндігімізше аудандық білім бөлімі тарапынан роутерлар орнатылды, интернет желісін күшейту мақсатында. +Біз сол ауылдарға барып, роутер орнаттық. Бүгінде балалар 100 процент қашықтан білім ала алып жатыр.

РКС: Қашықтан білім алу әсіресе баласы көп  ата-анаға салмақ. Сондықтан, олар өздеріне  көрсетілген мұндай  қолдауға риза.

СНХ: ЖАҢЫЛ СЕКЕНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА// ҚАЗ/// 01:09 Көпбалалы анамын. 10 бала тәрбиелеп отырмын. Төртеуін балалар үйінен алып тәрбиелеп отырмыз.  + Мектебімізге алғыс айтқым келеді. Біздей отбасыларға, мұқтаж отбасыларға компьютермен қамтамасыз етті. Канцелярский тауарларды тегін берді. +02:02 Балалардың әрқайсысында компьютер.

РКС: Айта кетейік, бүгінде ауданда қашықтан білім алатын 2642 оқушы бар.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
18:25, 22 қазан 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА
18:25, 22 қазан 2020
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...