ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

19:29, 13 қаңтар 2021

ДИКТОР: Соңғы күндердегі ауа райының күрт өзгерісі облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын аяғынан тік тұрғызды. Жеке құрам толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп, оқыс оқиғалардың алдын алуға қатысты шараларды жүзеге асырды. Облыс аумағында 35  бекет тәулік бойы кезекшілік атқарды. Республикалық маңызы бар 11 бағыттағы тас жол жабылды.

РКС:Толассыз жауған қалың қардың соңы ақ түтек боранға ұласып, бірқатар елдімекендер мен республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар қар құрсауында қалды. Төтенше жағдайлар қызметі Аршалы, Бурабай, Ерейментау аудандарында апаттық құтқару шараларын жүргізді.  36 адам жылыту бекеттеріне жеткізіліп, 84 адам қар құрсауынан эвакуацияланған. Олардың алтауы бала.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ,ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Қолайсызклиматтық өзгерскезінде  төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жедел штаб құрылды. Жеке құрам толықтай күшейтілген режимге көшіп, 99 техника мен 374 құтқарушы жұмылдырылды.Жолды қардан тазалау мен көлік қозғалысы толықтай бақылауға алынды. Жол көлік апаттарының алдын алу үшінполиция департаментімен бірлесіп,  494 көлікті 10 автоклоннаға бөліп қауіпсіз аймаққа шығардық.

РКС:Қазіргі таңда барлық бағыттағы жолдар ашылды.Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығы жеке құрам  табиғаттың кез келген тосын сыйына дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар,  брифинг барысында облыстың бас қүтқарушысы жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде орын алған өрт оқиғаларына да тоқталды.

СНХ:НҰРЛАН АТЫҒАЕВ,ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///қаз ///31 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында облыс аумағында 67 өрт оқиғасы тіркелді. Одан келген материалдық шығын 3 миллион 700 мың теңге көлемінде. Өкінішке орай 4 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

РКС:Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Өңір тұрғындарын алыс сапарға шығар алдында синоптиктердің ауа райына қатысты  болжамына назар аударуқажеттігін ескертті. Сонымен біргетөтенше жағдай саласының мамандары  құтқару қызметінің жолдаған СМС ххабарламаларына бей-жай қарамауға шақырады.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...