ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҚИЯ ҚАЖЫ МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

19:37, 13 тамыз 2020

ДК: Көкшетаудағы Жақия қажы мешітінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінде тек ішкі әрлеу, яғни өрнектеп, әсемдеу және күмбезін орнату жұмыстары қалды. Ол үшін Елордадан және көрші Ресейден шеберлер арнайы шақыртылған. Бұл жұмыстар аяқталған соң, сыртқы келбетін абаттандыру басталады,-дейді құрылысқа жауапты мамандар.

РКС: Жаңа мешіттің құрылысын «Алуа строй» серіктестігі жүргізуде. Негізінен тұрғын үйлер салумен айналысатын компания үшін бұл күрделі жобалардың бірінен саналады. Елімізде мешіт құрылысын жүргізудің мемлекеттік стандарты жоқ болғандықтан, олар шетелден маман шақыртуға мәжбүр. Ал, мешіттің жобасын елордалық сәулетшілерге жасатқан. Ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен өрнектеп сурет салу жұмыстарына да Нұр-сұлтан қаласынан мамандар тартылған. Ғимараттың сыртқы сәулетті қабаты мен күмбезінің құрылысына нитрит титан материалдары қолданылған.

СНХ: ЖАСЛАН МҰХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ///аударма:///Қазіргі уақытта мешіттің мұнарасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың 65 пайызы аяқталып қалды деуге болады. Ішкі әрлеуге келсек, тек суретшілердің  жұмысы қалды. Қалғаны дайын. Ғимарат тіпті жылу ,су және кәріз жүйесіне толық қосылды. ///

РКС:  Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 проценті орындалды деуге болады. Мешіт мұнарасы мен ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған соң, ауласы абаттандырылады. Айта кетейік,  заманауи талаптарға сай салынып жатқан нысанда намаз оқитын залдардан бөлек, құрылыстың астыңғы қабатында асхана, және жоғары қабатында кеңселермен қатар  дәрісханалар орналасады.

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...