ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЖАҚСЫ АУДАНЫ: 6,6 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

18:39, 20 қараша 2020

ДК: Жақсы ауданы облыстағы ең ірі аграрлы аймақтың бірі. 460 мың тоннадан астам астық қамбаға құйылды. Ауыл шаруашылығы саласында 44,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. 7 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында карантин кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жұмысын тоқтатқан жоқ. Дағдарысқа қарсы шаралардың аясында ауданның 70-ке жуық кәсіпкері салық пен несие төлеуге қатысты жеңілдіктер алды.

РКС: Аграрлы сектор аудан экономикасының негізі. Мемлекет тарапынан зор қолдау бар. Биыл карантиндік және түрлі шектеулік шараларға байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау ретінде 3,4 миллиард теңге субсидия бөлінді. Және несиелендірудің мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,5 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріліп отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Уақытылы жүргізілген агротехникалық шаралардың нәтижесінде қысқа мерзімде алтын дән жинап алынды. Жақсы ауданы облыс бойынша 2-ші орынға шықты. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында биыл 7 ет фермасы құрылды. 55 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. Бір атап өтерлігі, олардың барлығы отандық асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтың төлі. Жақсы ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында биыл құны 43 миллион теңгеге жуық 6 бизнес-жоба қаржыландырылды. Экономиканың нақты секторында да ірі жобалар қолға алынған.

СНХ: БАУЫРЖАН МӘЛҒАЖДАРОВ, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:/// В рамках программы...«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы-жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуға зор мүмкіндік. 373 миллион теңгенің 16 жобасы қолға алынды. Соның 11 табысты аяқталды.  Нәтижесінде 125 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

РКС: «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 10 жыл бойы қаңырап бос тұрған аудандық аурухананың бір корпусы дәрігерлердің игілігіне жаратылмақ. Жақсыға келетін дәрігерлерді қамтамасыз ету үшін бұл жоба қолға алынды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып қалған, желтоқсанда пайдалануға берілмек. Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі.

СНХ: БАУЫРЖАН МӘЛҒАЖДАРОВ, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///В районе из 25 населенных пунктов..Аудан бойынша 25 елдімекеннің 18-і орталықтандырылған тіршілік нәрімен қамтылған. Ол үшін Новокиенка және Ишимское ауылдарында су құбырлары желілерін жөндеуге қатысты 2 жоба қолға алынды. Алдыңғысы тұрғындар игілігіне берілсе, соңғысында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Желтоқсанда 17 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

РКС: Ауданның білім беру жүйесінде оқушылардың қашықтан білім алуына барлық жағдай жасалған. Республикалық бюджеттен 400-ге тарта компьютерлік техника сатып алуға қаржы бөлінген. Оның 100-ге жуығы көпбалалы және аз қамтылған отбасының балаларына таратылды. Бұдан бөлек, жергілікті қазынадан аудан мектептеріне 122 компьютер сатып алынды. Штаттық режимде жұмыс істеп жатқан білім ошақтарында санитарлық талаптар қатаң сақталған. Аудан бойынша тұрақты эпиджағдайды қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жасалуда. Коронавирус инфекциясының алғашқы кезеңінде аудандық аурухана жанынан провизорлық бөлімше ашылды. 100-ден астам адам емделіп шықты. Егер екінші толқында жағдай ушықса, бөлімше жұмысын жалғастырады, - деді әкім. Ауданның медицина ұйымдарында дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар. Облыс әкімдігінің қолдауымен былтыр 225 миллион теңгеге жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған. Өңірге мамандарды тарту үшін «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы қарқынды жүріп жатқаны айтылды. Оларды баспанамен қамту мәселесі де шешілуде. Қазіргі уақытта Жақсы ауданының 9 студенті жоғары медициналық оқу орындарында білім алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, елді биік белестерге көтеруге болады. Ол үшін Жақсы ауданының әлеуеті зор, - деді брифинг соңында аудан әкімі Бауыржан Мәлғаждаров.    

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар