ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ЖАЛАҚЫ БОЙЫНША ҚАРЫЗДАР БАР

17:19, 7 қараша 2019


81 ақмолалық жалақысына қол жеткізе алмай жүр. Аймақтағы 5 кәсіпорынның жұмысшылары алдында қарызы бар. Төленбеген еңбекақысының жалпы соммасы 16 миллион теңгеден асады.

Биыл Ақмола облысында жалақыны уақытылы төлемегені үшін жұмыс берушілерге 13 миллион теңге әкімшілік айыппұл салыныпты. Аймақта еңбек заңнамасын сақтамаудың өзге де түрлері аз емес. Жыл басынан бері 375 кәсіпорын мен ұйым тексеріліп, 392 заңбұзушылық анықталыпты. Өңірде еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша кемшіліктер азаймай тұр. 44 жазатайым оқиға орын алған. Салдарынан 47 адам зардап шекті. 8 оқиға адам өлімімен аяқталған. Еңбек келісім-шарты жоқ жұмысшылар да кездесуде. Ондай азаматтардың құқықтарын қорғау қиын, - дейді сала мамандары. Сондықтан құжат рәсімдеп, ай сайын зейнетақы аударымдары мен салық төлеп тұруға кеңес береді.

БЕРІК МҰСТАФИН ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жұмысшы алдында 528 миллион теңге жалақы қарыздары анықталды. 513 миллион теңге сол ақша бәрі төленді. Қалғаны олардың алдында қарызды жабуға мерзім қойғанбыз, белгіленді. 1 айдың ішінде жабылады.

АВТОРЫ: ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...