ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰНЫ ШАРЫҚТАП ТҰР

18:35, 11 маусым 2019

СНХ: АНЕЛЬ /// Өзіміздің үйіміз болса екен деп армандаймын. Онда біз ата-анам, бауырларыммен бақытты өмір сүрер едік. Өзімнің жеке бөлмем болар еді. ///

РКС: Анеля Сұңғатовтар отбасындағы 6 баланың үлкені. Түсірілім барысында оның екі бауыры ата-әжесіне қонаққа кеткен екен. Жалпы, көп балалы отбасының пәтерден-пәтерге көшіп жүргеніне 10 жылдан асқан. Балалары әлі кішкентай болғандықтан, ыңғайлы пәтер табу қиын, себебі, балалы отбасыға пәтерді жалға беруге бәрі бірдей келісе бермейді,-дейді жас болса да, 6 баланы өсіріп отырған ана. Оның үстіне, жалға берілетін баспана құны да арзан емес.

СНХ: АЙНҰР СҰҢҒАТОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА   /// Жолдасымыз екеуіміздің отасқанымызға 12 жыл болды. Ал, пәтер жалдап тұрып жатқанымызға 10 жыл. Бүгінде жалға берілетін баспана өте қымбат тұрады. Ақшаны жолдасым ғана табады. Өйткені, мен балалармен үйде отырамын. ///

РКС: Сұңғатовтар жанұясы көпбалалы отбасы ретінде де үй кезегіне тұра алмай отыр. Себебі, кезінде Айнұрдың атында ата-анасының үйі жазылған екен. Ол үйді өз атынан шығарғанына 3 жыл болған. Десе де, әлі 2 жыл күту керек,-депті құзырлы орган өкілдері.

СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, РЕДАКТОР   ///Сұңғатовтар отбасы сияқты жалдамалы пәтерде өзгенің қалтасын томпитып жүрген көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар және жас отбасылар өте көп. Ал, облыс орталығы болған соң бүгінде Көкшетау қаласы бойынша пәтерді жалға алу  бағасы  шарықтап тұр. Мәселен, тек 1 жылдың өзінде жалға берілетін пәтер құны 6,7 пайызға қымбаттаған. Ал, риэлторлар ең арзан деген 1 бөлмелі пәтердің  өзін 50 мың теңгеге әзер табуға болады,-дейді.  ///

СНХ: ҒАЛИЯ ЗИЯДДЕНОВА, РИЭЛТОРЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ    /// Біздің қалада пәтерлерді жалға алуға сұраныс өте жоғары. Баспанаға негізінен, жас отбасылар мұқтаж. Ал, бағасы бүгінде өте қымбат. Мәселен, бір бөлмелі пәтердің ең арзаны елу мың теңге тұрады. Ал, негізінен алпыс мыңнан басталады. Бұл әрине, Көкшетаудағы жалақыны ескеретін болсақ, өте қымбат. Мұны мен өз баламнан ақ білемін. Оның жалқасы 120 мың теңге. Сонда ол 60 мың теңгеге пәтер жалдаса, отбасын қалай асырайды?! Сондықтан менің ойымша жалға берілетін пәтерлердің санын көбейту қажет. Өйткені, ол сұранысқа ие сектор. Ал, жаңа үйлерден пәтерлерін жалға берушілер ең кемі 100 мың теңге сұрайды. //

ИНФОГРАФИКА. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жаңа тұрғын үй бағасы өткен 2019 жылдың өзінде 2,4 пайызға, пәтерлерді қайта сату құны 1,9 %-ға, ал жалдамалы пәтер бағасы 2,2%-ға өскен. / Ал, жаңа үйлердегі пәтер құны бойынша еліміздің өңірлерін салыстыратын болсақ, ең қымбат тұрғын үй елордасы Нұрсұлтан мен Алматы қалаларында тіркелген. Ондағы пәтерлердің бір шаршы метрі шамамен 340 мың теңге шамасында, ал ең арзаны Таразда 115 мың теңге.

СНХ: СҰҢҒАТ ҚАЖЫКЕН, ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ/// Ағымдағы жылдың 5 айында Көкшетау қаласы бойынша жалдамалы пәтер бағасы 6,7 пайызға қымбаттады, 1 шаршы метрінің құны 1338 теңгені құрады. /// 

РКС: Жалпы, облыс орталығында жалға берілетін пәтерлердің қымбат болуы сұранысқа байланысты туындап отыр,-дейді сарапшылар.  Айта кетейік, бүгінде Көкшетау қаласы бойынша баспана кезегінде 10612 адам тұр. БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...