ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАЛТЫРДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

14:48, 11 ақпан 2019

РКС: Биылғы жастар жылы мәртебелі спорт жарыстарымен басталып отыр. Сап түзеп ортаға шыққан спорттық команда өкілдерін Астрахан ауданының аумағында тұратын Ауған соғысының ардагерлері құттықтап, Жалтыр боз кілемінде күш-жігер, жеңіс тіледі.

СНХ: АНАТОЛИЙ МАЛЬКОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ///Біз Ауған соғысының жауынгерлері өзіміздің әскери міндетімізді сол кездегі Кеңес үкіметінің тапсырмасы бойынша тиянақты орындадық. Бейбіт заманда кешегі қан кешкен жауынгерлер жергілікті жастарға патриоттық тәрбие беруді азаматтық борыштары санайды. Соның бір айғағы жыл сайын өздеріңіз күш сынасатын осы республикалық турнир. Жалтыр боз кілеміне елімізге танымал талай еркін күрес шеберлері қанаттанды. Солардың жолын сіздерге де берсін. ///

РКС: 2004-2006 жылдары туған ұлдар мен қыздар өз салмақ дәрежелері бойынша алма-кезек белдесті. Алғашқы айналымдарда турнирге тыңғылықты дайындалып келген балуандар жеңіске жетіп жатты. Жергілікті спортшылардың да мәртебесі жерлестерінің алдында өсе түсті. Солардың бірі Астрахан ауылынан түлеп ұшқан Ирина Огнева болатын. Бұрымды балуан ақтық белдесуде де қарсылас шыдатпады.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР////

СНХ: ИРИНА ОГНЕВА, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ///Мен Астрахан ауданы Жалтыр станциясында еркін күреспен айналысып, біраз жетістіктерге кенелдім. Сан мәрте облыс чемпионы атандым. Бүгіндері Астанада спорттағы дарынды балаларға арналған Қажымұқан атындағы мектеп-интернатта оқимын. Қарсылатарым кілең күшті қыздар болды. мен айла-әдісімді әдемі қолданып, туған ауылымда алтын медальға қол жеткіздім.

РКС: Астрахан ауданының жасөспірімдері де жеңіске деген жігер танытты. Солардың бірі Жарсуат ауылынан келген Найзабек Сүлейменов қарағандылық қарсыласы Дильван Хасановтан аз-кем ұпай санымен ұтылып, күміс медаль еншіледі.

СНХ: НАЙЗАБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, ТУРНИРДІҢ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ  ///

РКС: Жалтыр станциясындағы №4 орта мектептің базасында өткен Қазақстан Республикасының ашық турнирі елімізде еркін күрестің мықтап дамып келе жатқандығын аңғартты. Күрес кілеміне шыққан 14-16 жастағы ұлдар мен қыздар шеберліктерімен дараланып көзге түсті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ
20:02, 18 сәуір 2019
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – КӘСІПКЕР ПАРЫЗЫ!
19:34, 12 сәуір 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – КӘСІПКЕР ПАРЫЗЫ!
Толығырақ...
Е.МАРЖЫҚПАЕВ: «...80 БАСПАНАНЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫНА ҮЛЕСТІРЕ АЛАМЫЗ»
19:00, 12 сәуір 2019
Е.МАРЖЫҚПАЕВ: «...80 БАСПАНАНЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫНА ҮЛЕСТІ...
Толығырақ...