ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ЖАҢА БАСТАМАЛАРМЕН...

15:10, 14 наурыз 2019

РКС: Президенттің бес бастамасының ең тиімді тұсының бірі халықты баспанамен қамту мәселесінің жолға қойылуы. Бүгінде аталған бастама бойынша өтініштер күн санап мақұлданып келеді. Халық қызығушылығы артып жатқандықтан еліміздің кей өңірлерінде 7-20-25 бағдарламасының алғашқы жарнасы төмендетілмек. 

СНХ: ДӘУЛЕТ ОҢҒАРОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ///Менің ойымша, Елбасының бес бастамасы әсіресе «7-20-25» бағдарламасы халыққа баспана алуға үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Бізде бұрын-соңды мұндай жеңілдік болмаған. Бұл үлкен мүмкіндік. Баспана мәселесінің шешілуі халықтың әл-ауқатының артуына мүмкіндік береді.

РКС: Білім инемен құдық қазғандай. Ел дамуының басты факторының бірі саналатын білім саласы бойынша бес бастамада да қарастырылған. Атап айтсақ, жастардың толыққанды әрі жайлы, сапалы білім алуы үшін қосымша гранттар бөлініп, оқу ошақтарының жанынан жатақханалар салу ісі қарқынды жүргізілуде.

СНХ: МЕЙРАМ САМАТОВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ  УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ/// Бүгінгі таңда жастарға жағдайдың жасалуы қуантады. Себебі, студенттердің басым бөлігі ауылдық жерлерден келетіндіктен олардың тұрғылықты баспанамен қамту мәселесі шешілмек. Әрі грант санының артуы ақылы бөлімде білім алатын студенттер санын азайтуға арқау болып отыр.

РКС: Айта кетейік, ұлт көшбасшысының бес әлеуметтік бастамасы қарапайым жұмысшылар үшін де қолайлы болмақ. Себебі, табысы төмен тұлғалардың жалақысын арттыру ісі жолға қойылып, жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз халықтың өмір сүру деңгейі едәуір артатындығының айғағы.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
15:02, 24 мамыр 2019
ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
15:02, 24 мамыр 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ
19:22, 17 мамыр 2019
«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 1...
Толығырақ...
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА.  ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
19:22, 17 мамыр 2019
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
Толығырақ...