ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ЖАҢА ЕТ КОМБИНАТ АШЫЛДЫ

18:32, 11 шілде 2019

РКС:  Щучинск ет комбинаты қайта жаңартылып,  «KazBeef» компаниясы жобаны ең соңғы инженерлік жұмыстармен және де заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткен.  Нәтижесінде кешеннің жылдық куаты 2 мыңнан 6 мың тоннаға дейін артады деп жаспарлануда. Ет комбинатының ашылу салтанатына жоба жетекшілерінен басқа облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов қатысты.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІҚАЛЫҚОВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Бұл компания облыс төңірегінде ғана емес, еліміз бойынша сиыр етін өндіретін бірден-бір ірі комбинат екені ешкімге жасырын емес. Ең бастысы  жұмысты толығымен аяқтау процесі бар.  

РКС: Қазақстанда мұндай ет комбинатының баламасы жоқ. Кәсіпорынның бас директоры ғимаратқа саяхат ұйымдастыру кезінде осындай мәлімдеме жасады. Бейбіт Ерубаев цехтардың жұмысын нақты дәлелдер арқылы көрсетті. Мәселен, мына жерде есеңгірету арқылы мұздату әдісі қолданылады. 35 градус суықтықта болашақта етті мейлінше бастапқы қалпында және оның сапалық қасиеттерінің бәрін сақтауға мүмкіндік береді. 

СНХ: БЕЙБІТ ЕРУБАЕВ, «KAZBEEF»  КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ​:  Біз еттің пісіп жетілу стандартын енгіздік. Мұндай тәсіл Қазақстанда бұрын-соңды жасалған емес. Сөрелерге жеткенге дейін, суытылған ет 21 күн пісіп-жетіледі. Бұл дегеніңіз ет мейлінше жұмсақ, тұшымды әрі дәмі тіл үйірер керемет дәмді болады деген сөз. Содан соң барып, арнайы қорапшаларға салынып, Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға жөнелтіледі.  

РКС: Тағы бір жаңашылдық -  етті бөлшектейтін цехтағы арнайы еден. Онда түрлі микробтар мен қауіпті ауру қоздырғыштардың цехқа өтпеуін қамтамасыз етеді. Өйткені, басты мақсат – еттің қауіпсіздігі. 

СНХ: БЕЙБІТ ЕРУБАЕВ, «KAZBEEF»  КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ​:Біз еттің мәрмәрлігін анықтайтын арнайы камера сатып алдық. Сөйтіп, біз мәрмәрлілікті бірнеше топқа бөлетін боламыз. Еттің осы түрін танып-білетін тұтынушы өзінің таңдауын жасайтын болады. Мәселен, прайм деп аталатын мәрмәрлік – ең жоғарғы сұрып болып табылады, сәйкесінше, бағасы да қымбат.

РКС: Жобаның инвестициялық құны 1 миллиар теңгені құрайды. Жоба ұзақ мерзімг жоспарланған. «Казбиф»  - Қазақстанда мәрмәр етін өндіретін номер бірінші кәсіпорын.  «Кусто Групп» - оның негізгі акционері болып табылады. 

СНХ: ЕРКІН ТӘТІШЕВ, «KUSTO GROUP» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Біз суытылған етке 45 күнге дейін, ал мұздатылған өнімге 365 күнге дейін кепілдік бере аламыз. Біз осы мерзімде оның сапасына, дәміне, түсіне кепілміз. Бұлзауытта енгізілген технологиялардың бәрі өте күрделі.

РКС: «Казбиф» айдың соңына дейін тағы бір ауқымды жобаны іске қоспақшы. Зеренді ауданындағы жаңа бордақылау алаңында бір мезетте 15 мың бас ірі қара өсіруге болады. Айта кетейік, аграрлы Ақмола облысында қазақстандық астықтың төрттен бірі, 7 пайыз сүт және 8 пайыз ет өндіріледі. Благодаря  проектам «Казбиф» кәсіпорнының жобаларының арқасында еліміздің агроиндустрия саласындағы Ақмола облысының үлесі тіптен арта түспек.  

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, ӘСЕЛ ТҰРАР.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...