ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЖАҢА КІРПІШ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

14:26, 21 мамыр 2020

 

ДК: Көкшетаудағы «Енки» кірпіш зауыты қуаттылығын 50 пайызға арттырмақ. Осыған дейін қаптырмалы қыш кірпіш өндірісін мықтап жолға қойған кәсіпорын бүгінде қарапайым кірпіш шығаратын жаңа зауыттың құрылысын бастап кетті. Жаңа зауыт жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарланған. Алайда, бұл жоспардың іске асуына қаржылай кедергілер де жоқ емес.

РКС: «Енки» кірпіш зауыты Қазақстанда ғана емес, Орта Азиядағы іргелі зауыттардың бірінен саналады. Кәсіпорын жылына 60 миллион кірпіш өндіреді. Әрі жыл өткен сайын сатылым аумағын кеңейтіп, жаңа өнім түрлерін көбейтіп келеді. Нарықтағы сұранысқа орай кәсіпорын биыл қарапайым кірпіш шығаратын жаңа зауыттың құрылысын бастап кетті.

СНХ: МАРАТ КЕСЕКПАЕВ, ЗАУЫТТЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ ///аударма: Былтыр қуаттылығы жылына 30 миллион кірпіш болатын жаңа зауыттың құрылысын жоспарлаған болатынбыз. Бүгінде бұл жұмыс басталып кетті.  Жоспар бойынша жылдың аяғында, яғни желтоқсанда іске қосылуы тиіс. Бірақ,  қаржылай қиындықтарға тап болып отырмыз. Сондықтан, құрылыстың нақты қашан аяқталатынын дөп басып айта алмаймыз. ///

РКС: Қазірде зауыттың сыртқы қаңқасы дайын. Қаржылай қиындыққа байланысты құрылыс қарқыны бәсеңдеген. Жалпы, Көкшетаудың қамтама кірпіші Қазақстанның барлық өңірлерінде үлкен сұранысқа ие. Енді қарапайым кірпіш өндірісі іске қосылса, зауыттың қуаттылығы 50 пайызға арта түседі. Қазірде жаңа зауытқа қажет қондырғыларға тапсырыс берілген. Олардың біразы жеткізілді.

СНХ: ЕРЛАН ШӘКЕНОВ, ӨНДІРІС ЦЕХЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///қаз. Жаңа зауытта кірпіштің забутовочный түрі шығарылады. Шамамен, 75-80 жаңа жұмыс орны ашылады. Скл. Құрылысшылардың өтініштері бойыша забутовочный кірпіш шығаратын болдық. ///

РКС: Отандық өндіріс өсіп-өркендесе, еліміз импортқа деген тәуелділіктен арылады. Сондықтан өңірдегі зауыт нарықтағы сұранысты толық қанағаттандыруды ойлайды. Қарапайым кірпіш өндірісін жолға қою сол мақсаттан туындап отыр.

 БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...