ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ЖАҢА КӨПІР АШЫЛДЫ

17:33, 29 қараша 2019

 


Көкшетау қаласы Қылшақты өзенінің сағасында орналасқан. Өзен үстінен салынған көпірлердің көпшілігі ескі. Мәлік Ғабдуллин көшесі бойындағы жаңа көпір соңғы 40-50 жыл ішінде қала аумағында салынған алғашқы жаңа нысан. Тұңғыш Президент күніне орай облыс әкімі Ермек Маржықпаев көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, инфрақұрлымдық желілерді жаңғырту бойынша алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Жаңа көпір Шоқан Уәлиханов көшесі мен Абылай хан даңғылын жалғайды.  Нысан құрылысына 452 млн. теңге бөлініпті. Қалада жол жөндеу ісі де қарқын алған. Бұл бағытқа  бөлінген қаржы көлемі 20 млрд. теңгеге жуық. Қаражаттың басым бөлігі Ресей мен Қазақстанның шекаралас өңірлерінің ынтымақсатығы форумына орайРеспублика қазынасынан құйылған. Іргелі шараға әзірлік аясында Көкшетаудың көптен қордаланған мәселелері түбегейлі шешілмек.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Назарбаев даңғылы жаңа кейіпке енеді. Қазір Қылшақты өзенінің Қопа көліне құяр сағасында да жаңа көпір салынуда. Алдағы форум аясында атқарылып жатқан осы тәрізді шаралар аз емес. Келер жылы осы шаралардың барлығын уақытында аяқтап, көпшіліктің игілігіне жарауына тілектеспін. баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Келесі көпір де бұл нысанның ізін суытпай іске қосылады, - дейді шаһар басшылығы. Екінші жаңа көпір Қылшақтының Қопаға құяр сағасында салынып жатыр. Сондай-ақ, Назарбаев даңғылы, элеватор мен 13-ші мектеп маңындағы 3 ескі көпір де қайта жаңғыртылады. Өңір басшылығы нысанның құрылыс сапасын оң бағалап, мердігерлер мен құрылысшыларға алғыс білдірді.

ВИКТОР КАЗЕНЫЙ, "СЕРВИС НС" КОМПАНИЯСЫНЫҢ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША МЕҢГЕРУШІСІ

Бұл Көкшетау қаласындағы ең үлкен көпір. Мұндай нысандар қала аумағында соңғы 40 жылда салынған емес. Көпірдің ені 32 метр. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың өзі 3 метр. Бұл азаматтардың жайлылығы үшін жасалған. Нысан А14 стандарты сай. Яғни, жүк көліктерін өткізуге мүмкіндігі бар.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН.  ЖИҺАНГЕР МҰХАНБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...