ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА МАЙ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18:38, 20 қараша 2020

ДИКТОР: Бұланды ауданында желтоқсанда өсімдік майын өндіретін зауыт пайдалануға беріледі. Аталған кәсіпорын іске қосылған сәтте тәулігіне 600 тонна шикізат өндіруге қуатты. Бұл аймақ бойынша  тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі.

РКС: Бүгінгі таңда өсімдік майын шығаратын зауыттың екі цехы дайын. Құрал-жабдықтар жеткізілген. Қоймаларда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  Жоба құны - төрт миллион теңге.

СНХ: ВАСИЛИЙ БОРЕВИЧ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:///рус/// Зауыт әмбебап. Мұндағы станоктардың барлығы  Германиядан жеткізілген. Біз осы зауытта кез келген майлы дақылдарды өңдей аламыз. Міне, май экстракт зауыты. Соңғы өнім-  май мен күнбағыстың қабығы. Ол құрама жем ретінде жақсы қолданылады. Мұнда өнімнің құны сәл төмен болады. Энергия да көп шығындалмайды. Себебі, зауытқа электр қуаты тікелей таратушыдан жеткізіледі. Бұл мемлекет тарапынан жасалып отырған зор қолдау.

РКС: Өсімдік майын өндірудің барлық технологиялық процесі зауытта өтеді. Кәсіпорын ауданда тұрақты 30 жұмыс орнын ашады. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық және коммуникациялық мәселелері шешілуде.

СНХ: ЗАЙРА ОМАРОВА, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: ///рус/// Қазіргі уақытта теміржолды іске қосу актісі бар. Бұдан басқа, электр беру желісін енгізу актісі де дайындалуда. Қазан айында бұл жоба Ақмола облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді.

РКС: Зауыт іске қосылса, өнім Қазақстаннан тыс жерлерге де экспортталмақ. Айта кетейік, нысанды пайдалануға беру желтоқсан айына жоспарланған.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, АЙНҰР ҚАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар