ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

16:12, 27 қараша 2019

 


Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Елорда маңындағы елді мекендердің даму барысын талдап, аймақтың экономикалық өрісін кеңітіп отырған ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ облыс әкімі Қосшы ауылындағы жаңа жекеменшік мектептің ашылу салтанатына қатысып, бизнеске бағдар қойған білім ошағының ұжымына табыс тіледі. Айта кетейік, бұл Ақмола облысындағы алғашқы жекеменшік білім ошағы.

Елордаға іргелес Қосшы ауылы күрт өсіп, үш ауысымды білім беру түйіні туындаған еді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекенге арнайы жұмыс сапары барысында облыс басшылығына қосымша мектеп құрылысын қолға алуды тапсырған еді. Өз ауылының өзекті мәселесі жеке кәсіпкер Сайра Матайбаеваны көптен алаңдатыпты. 600 оқушыны жаңа мектеппен қамтыған іскер әйел, білім беру бағдарламасында оқушыларды бизнеске баулуды мақсат еткен.  

САЙРА МАТАЙБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Қазір 4 ұстазды пәтермен қамтыдық. Көптеген ұстаздарымыз Назарбаев Зияткерлік мектебінен, шет елдерден келіп жатыр. Олар біздің оқушыларымызға тамаша үлгі. Балалар осы азаматтардай болсақ, шет тілдерін білсек деген ұмтылыс танытуда.  Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, әртарапты ойлайтын тұлға қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз.

Кәсіпкерлік бағытындағы «Дара» мектеп-лицейі болашақ көшбасшыларды баулуды көздейді. Мұнда Шет елдерде білім алған озық тәжірибелі ұстаздар шақыртылыпты. Мектеп толықтай компьютерлендірілген, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай да ұсынылған. Қазіргі таңда, Целиноград ауданында 2700 оқушыға шақталған бірнеше жаңа мектеп салынуда. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев, Қосшы ауылындағы білім ошақтарының құрылысы мұнымен шектелмейтінін жеткізді.

 ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасын орындаудамыз. 600 оқушыға шақталған бұл мектеп Қосшыдағы №1-ші және 2-ші  мектептердің оқушыларына ұсынылды. Сонымен қатар, Ел Президентінің пәрмені бойынша 1200 орындық жаңа білім беру ошағының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, келесі жылы тағы екі жаңа мектеп құрылысы басталады.   

Қарыштап дамыған Қосшы ауылы ірі кәсіпорындар үшін де тартымды. Өңір басшысы елді мекенде орналасқан лифт жасау зауыты жұмысшыларымен жүздесті. 2014 жылдан бері нысан мыңнан астам лифт пен 300-ге тарта эскалатор құрастырған. Отандық өнім Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге өңірлердегі құрылыс нысандарында жоғары сұранысқа ие. Облыс әкімі лифт зауыты мен құрылыс компаниялары арасындағы әріптестікті арттыруды тапсырды.

 «Сапа су» кәсіпорны су құбыр жүйелерін өндіруге маманданған. Мұнда неміс технологиясы бойынша жоғары сапалы темір-бетон құбырлары жасалады. Өнімнің қолданыс уақыты 100 жылға дейін жетеді. Нысанның өндіріс көлемі 400 млн. теңгеден 1 млрд. 800 млн. теңгеге дейін артып отыр. Қазір кәсіпорын Шымкент қаласында жаңа өндіріс ошағын ашуды жүзеге асыруда. Оңтүстікте жасалған құбырлар Өзбекстан бағытына экспортталады.     

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  РҮСТЕМ ЕРМЕКОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...