ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

18:59, 14 наурыз 2019

РКС: Байқауда Ақмола облысының әр ауданынан, жергілікті кезеңнен сүрінбей өтіп, үздік атанған 17 сайыскер бақ сынасуда. Аталмыш іс-шара 3 кезеңнен тұрады. 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар, түрлі пәндерден сабақ беретін жас мамандар жүрек қалауымен таңдаған мамандықтарының хас шебері екендерін көпшілік алдында көрсете білді.

СНХ: ЖАНАРГҮЛ БАЙМАҚОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ/// 2019 жылды Елбасымыз «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Енді осы, Жастар жылына орай, біздің облысымызда әсіресе, білім басқармасында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылған. Соның бірі – осы аталмыш іс-шара.  Бұл іс-шара 2 күнге созылады. Бірінші күні сайыскерлер өздерің таныстырып, 20 минуттық сабақ жүргізеді. Келесі күні марапаттау рәсімі болады.

РКС: Қариппола Төлегенов ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Жас маман балаларды шет тіліне үйретіп жүргеніне 1 жылдай уақыт өткен. Бала кезінен мұғалім болуды армандаған ол жасаған таңдауыма ешуақытта өкінген емеспін,-дейді.

СНХ: ҚАРИППОЛА ТӨЛЕГЕНОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ/// Мен бұл мамандықты балаларға шетел тілін үйрету үшін таңдадым. Елбасы атап өткендей, мемлекетімізде үштілділікті дамыту мақсатында аянбай еңбек етемін. Бұл байқауға жеңіске жетемін деген мақсатпен келдім. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

РКС: Аталмыш байқау бірнеше жыл бойы аймақ педагогтарына өзінің әлеуеті мен қабілетін ашуға, шеберлігін көрсетуге, жаңа білім жинақтап, тәжірибе алмасуға ықпал етіп келеді. Қатысушылардың айтуынша, осы тектес сайыстарды өткізу – педагогикалық шығармашылықтың дамуына мүмкіндік береді. Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ-ші жүлделі орын алған үміткерлер республикалық сайысқа жолдама алатын болады.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...