ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ!

14:52, 14 тамыз 2019

ДИКТОР: Жаңа оқу жылының басталуына  аз ғана уақыт қалды.     Биылғы оқу жылына  аймақта 6 жаңа мектеп пайдалануға берілмек, ал 3 елдімекенде мектеп жабылған.  Мектеп табалдырығын 124 мыңнан астам   оқушы аттамақ ,олардың  16 мыңы бірінші сынып  оқушылары.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 мың балаға көп.Бұл туралы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен брифинг барысында мәлім болды.     

РКС: «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында өңірдегі аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындау үшін мемлемкет пен жеке кәсіпкерлер тарапынан 52 млн теңге қаржы бөлінген. Бағдарлама аясында 4 мыңнан астам оқушыны мектепке толығымен дайындаған. Қылқалам мен мектеп формасына дейін бәрі бар, –дейді сала мамандары.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Облыста 13 мыңнан астам аз қамтылған отбасынан шыққан балалар бар. Олардың барлығы «Мектепке жол » акциясы аясында қамтылатын болады. Бұл акцияның өткізіліп келе жатқанына 12 жыл болды. Бұл акция аясында аз қамтылған отбасыларға жәрдем жыл бойында жасалды. Түрлі мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан мектеп оқушыларына көмек жасалуда.

РКС: Биыл Ақмола облысының Атбасар, Бұланды және Біржан сал аудандарындағы кейбір елдімекендерде орналасқан бастауыш мектептер жабылған. Бұған бала санының аздығы себеп. Мәселен, әр мектепте 3-4 баладан ғана жиналған. Олар енді көрші елді мекендерге барып білім алады. Биылғы жылы 12  білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жасалған. Мамандардың айтуынша,  білім ордаларының жөндеу жұмысына республика және жергілікті бюджет қаражатынан 1,3 млрд теңгеден астам қаржы  бөлінген.  

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ,  ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазір облыста 6 мектеп салынып жатыр. Олардың біреуі, яғни Щучинск қаласындағы 800 орындық мектеп оқу жылының басында пайдалануға беріледі. Ал жыл соңына қарай Целиноград ауданында 3 мектептің құрылысы аяқталады. Қалғандары келесі жылға қалады. Одан бөлек, 12 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РКС:Жаңа оқу жылында 6 мыңға жуық оқушыны ,182 автобуспен тасымалдау ұйымдастырылады, оның 5-і ағымдағы жылы сатып алынған.Сонымен қатар облыс мектептері педагогикалық кадрлармен толық қамтылған. Ұстаздардың жалпы саны 14 мыңнан астам.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...