ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«ЖАҢА СЕРПІН» - ЖҰМЫСҚА ЖОЛ АШАДЫ

18:35, 11 шілде 2018

РКС: Полипропилен мен полиэтиленнен жасалатын жұмсақ қаптама өндіретін жауапкершілігі шектеулі «Асыл арман» серіктестігі – маңғыстаулық Асылбек Іңгербаевтың тұрақты жұмыс орнына айналған. Орта білімі бар ол тек маусымдық не болмаса уақытша жұмысқа ғана орналаса алатын. Жарнамадан «Жаңа серпін» бағдарламасы туралы естіп, бірден Маңғыстау облысының жұмыспен қамту орталығына хабарласқан. Орталық қызметкерлері оған Көкшетау қаласына баруға ұсыныс жасайды. 

СНХ: АСЫЛБЕК ІҢГЕРБАЕВ, «АСЫЛ АРМАН» СЕРІКТЕСТІГІ ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ/// Мен мүмкіншілік беріп тұрғанда, неге пайдаланбасқа деп ойладым. Сөйтіп, Көкшетауға келіп, бір ай оқу оқып, емтихан тапсырдық. Емтиханнан өткен соң, әрі қарай жұмысымызды жалғастырдық. Өзіме жұмыс қатты ұнады. Тұрақты 5 күндік жұмысқа ауысқан соң, отбасымды көшіруді ұйғардым. Отбасыммен бірге жарты жылдан астам уақыт осында тұрып жатырмыз. Қазіргі таңда пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Пәтердің ақшасын «Новопэк» төлейді. Жатақханадан тұрғын үй береміз,-деп уәде берді.

РКС: Азаматтардың Көкшетау қаласында тұрақтауының бірден-бір себебі - ауысыммен жұмыс істеп, 80 мың теңге жалақы алып, әр түрлі өндірістік мамандықтар бойынша кәсіптік деңгейде өсу мүмкіндігінің болуы.

СНХ: АЙДАР ЖАҚЫПОВ «АСЫЛ АРМАН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ/// Қазірдің өзінде бізде 65 адам жұмысқа орналасты. Ал, шамамен 25 адам оқып жатыр. Бұдан әрі бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік бағдарламаны бірауыздан қолдаймыз. 2-3 адам ғана кетті, қалғаны қалып, жұмыс істеуде.

РКС: «Жаңа серпін» бағдарламасын іске асыруда мол тәжірибе жинақтаған «Асыл арман» серіктестігінің басшылығы ендігі кезекте республиканың өзге аймақтарындағы әкімшіліктерді серіктес болуға шақырады.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ
19:10, 17 қазан 2018
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ
Толығырақ...
ӘН МЕН БИ ӘЛЕМІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ
18:29, 17 қазан 2018
ӘН МЕН БИ ӘЛЕМІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ
Толығырақ...
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС  - БАСТЫ НАЗАРДА
18:29, 17 қазан 2018
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС - БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
15:14, 11 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
15:14, 11 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
Толығырақ...