ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20:12, 18 қыркүйек 2020

ДК: Облыс орталығында жаңа спорт кешені ашылды. Аталмыш нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Енді орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтар спортпен тегін шұғылдана алады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев спорт кешеніне арнайы ат басын бұрып, нысанның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Әріптесім Абзал Азаматұлы айтады.

РКС: Өңірде мүмкіндігі шектеулі 25 мың  адам бар. Бүгінде соның 30 проценті спортпен шұғылданады. Аталмыш кешенде олардың спортқа деген қызығушылықтары артары сөзсіз. Себебі, ғимаратта ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға барлық жағдай қарастырылған.

СНХ: ВАСИЛИЙ  ШИМАНСКИЙ,      «ШАНС»  ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ/// Бұл бірегей жоба.  Біз ең басында арнайы  ұсыныстар жасадық. Соның бәрі ескерілді. Арнайы тренажерлер бар.  Қаладағы басқа орталықтарда мұндай жоқ + Дәретханалар мен  душ бөлмелері бар.

РКС: Дарын деп айдар таққан нысанда кез-келген адам жаттығу жасай алады. Кешендегі құрылғылар да су жаңа. Жобаның жалпы құны 55 млн теңге. Өңір басшысы Ермек Боранбайұлы спорттық жабдықтардың сапасын тексеріп қана қоймай, жас спортшылардың дайындықтарына да қатысты.

РКС: Иә, заманауи спорттық кешенде бір мезетте 60 адам бірдей жаттыға алады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//аударма// Міне осындай  пайдалы спорттық нысан салынды. Алдағы жобаларыңызға әрине қолдау танытамыз. Бізде дәл осындай спорт ғимараты болған жоқ. Жобаны әрі қарай  дамыту керек. Бүгін осы шараға барлық аудандардың әкімдері де қатысып жатыр. Алдағы уақытта әр ауданда осындай спорт кешендері болғанын қалаймын.

РКС: Биыл Ақмола облысы бойынша 5 спорт кешені салынуда. Сонымен қатар, 3 спорттық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Облыстық қазынадан бұл жұмыстарға  3 млрд. теңге бөлінген.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...