ШҰҒЫЛ! ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ЖАҢА ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫ АШЫЛДЫ

15:07, 9 қаңтар 2020

 


Көкшетау қаласында жекеменшік «Бота» балалар емханасы ашылды. Мұнда бүлдіршіндерге көптеген білікті, тар бейінді дәрігерлер ем-дом көрсетуде. Емхана ұжымы алдағы уақытта әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс жасауды жоспарлап отыр. 

Көкшетау қаласының тұрғыны Наталья Савинованың 6 айлық немересі өткен желтоқан айында қатты ауырады. Дене қызуы бірнеше күн 39 градустан төмендемеген. Жедел жәрдем қызметіне бірнеше рет жүгінеді. Облыстық балалар ауруханасына да апарған. Балаға бірде ангина, келесі жолы пневмания деп диагноз қойған.  

НАТАЛЬЯ САВИНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Өзге дәрігерлердің жазып берген түрлі дәрі-дәрмектерінен ағзаның интоксикациясы, яғни ағза улана бастады. Аллергия болып, 6 айлық балада демікпе басталды. Мереке күндері болған соң әлеуметтік желі арқылы іздеп барлық дәрігерлерге хабарластық. Тек түнгі сағат 2 жарымда Қымбат Тұнғатова хабарласып, біз оны үйге алып келдік. Ол  баланың жүрек қағысын тыңдап, баланың тіс жарып жатқанын айтты. Барлық дәрі дәрмекті тоқтаттық. Екінші күні баланың тісі шықты. Немеремнің өмірін құтқарып қалған кардиолог-педиатор Қымбат Тунгатоваға айтар алғысым шексіз.

Наталья Сафинова дәрігер жеке меншік балалар ауруханасында еңбек етсе де көрсеткен қызметі үшін ақы алмағанын, адамгершілік танытып, Гиппократ антына берік, адал дәрігер екенін айтады. Қымбат Тұнғатова қаңтар айының алғашқы жұмыс күндері жаңа жекеменшік «Бота» балалар емханасын ашты. Емдеу мекемесінде тар бейінді дәрігерлер қызмет көрсетпек.      

ҚЫМБАТ ТҰНҒАТОВА, ЖЕКЕМЕНШІК «БОТА» БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  

Басқа жекеменшік емдеу мекемелерінен ерекшелігі бізде қабылдауда болған нәрестеге көрсетілген қызметтің барлық жазбасы автоматты түрде даму мед арқылы баланың емдеу пастортына түсіп отырады. Яғни учаскелік дәрігер біздің тағайындауларымызды бірден ашып оқи алады. Және дәлелденген медицина бойынша ғана емдейміз.

Ата-аналар бұл емхананың тек балаларға ғана қызмет көрсететіні өте жақсы екенін алға тартуда. Яғни, түрлі ауруларды жұқтыру қаупі жоқ екендігін айтады. «Бота» балалар емханасы алдағы уақытта әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімге отыруды да жоспарлап отыр.    

М.Айбабина, Дархан Мүжібаев, Көкше ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...