ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ЖЫЛЫ Толығырақ

ЖАҢА ЖОЛДАР. ЖАҢА ЖАҒАЛАУ

20:18, 29 маусым 2020

 

ДИКТОР: Қыркүйекте облыс орталығының кей көшелері кеңейеді. Жарықтар орнатылады. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары қалай жүргізілуде? Белгіленген уақытта, межелеген жерде берілген уәде орындала ма? Әріптесім Айгүл Мырзағалиқызы біліп қайтты. РКС: Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі мына 3 шақырым жолды «Көкшетау автодор» серіктестігі салуда. Оның құны 2,1 млрд теңге. Бұл қаржының негізгі бөлігі республикалық бюджеттен, облыстық қазынадан тек 150 миллион теңге бөлінген. Қазір мұндағы жұмыстың жартысынан астамы аяқталды. СНХ: ДМИТРИЙ ПРИБОРА, ГЕОДЕЗИСТ///РУС//1 шақырым жолға қара тас, 500 метрге асфальт төселді. 2 км-дей жерге бордюр орнатылды. Жарық шамдарының 50 проценті қойылды. Барлық жұмыстар қыркүйекте аяқталады деп жоспарлап отырмыз. РКС: Ал Қопа көлінің маңындағы жағалау аймағының құрылысын «Абат Құрылыс NS» серіктестігі жүргізуде. Оған жергілікті және республикалық бюджеттерден 385 млн теңге қарастырылған. Ал мына маңда 4 жолақты жолдың жөндеу жұмыстарының шамамен 70 проценті аяқталған. Ест.шум (жоғарыдан түсірілген видеолар) РКС: Бұдан бөлек қала орталығындағы Мәлік Ғабдуллин көшесі қайта жөнделуде. Центральный шағын ауданынан «Сарыарқаға» дейінгі 2 шақырым жол салынуда. Оған 1,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл жұмыстардың жартысына жуығы аяқталды. Әр аймаққа түрлі серіктестік жауапты. Айта кетейік, қазан айына жоспарланған Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында облыс орталығында қыркүйекке дейін тағы бірқатар нысан қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ абаттандандыру жұмыстары да жүргізіледі. АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР  САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
18:50, 30 қараша 2020
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
18:39, 30 қараша 2020
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...