ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ 85 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

17:05, 6 қаңтар 2020

 


Өткен апта Аяз атаның ғана емес, ауа райының да тосынсыйына толы болды. Қарлы боран мен көктайғақ мұздың кесірінен көптеген адамның өміріне қауіп-қатер туындады. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік қатынасы тоқтатылды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің тарапынан жіберілген ескерту хабарламаға қарамастан, көлік тізгіндеген кейбір жолаушылар өз өмірлерін қауіпке тігіп, алыс сапарға шықты. Салдарынан жол апаты да орын алды.  

Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы тосын мінез көрсетті. Сынап бағанасы 1 градустан жоғары көтеріліп, қар еріп жауып, арты көктайғақ мұзға ұласты. Салдарынан автожолдарда көлік  қозғалысы қиындаған.

АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Демалыс күндері біздің тарапымыздан республикалық және облыстық автожолдарда 11 бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды. 20 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, жылыту бөлімшелеріне 95 адам жеткізілді. Департамент тарапынан үгіт-насихат шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 394 техника мен 524 адам кері қайтарылды.

Демалыс күндері өңірде 400-ге жуық құтқарушы мен 100-ден астам техника кезекшілік жасаған. Аймақта 6 рет дауылды ескерту берілген. Соған қарамастан, жүргіншілер өз өмірлерін қатерге тігіп, жолға шыққан. Нәтижесінде бірнеше жол апаты орын алды.

СЕРІК БАЙМҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Осы уақыт аралығында 85 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Үш жол апатынан 2 адам көз жұмды. 10-нан астам азамат жарақат алды. Басқа жол-көлік оқиғаларының салдарынан автокөліктер механикалық тұрғыдан зардап шекті. Аталмыш апатты жағдайлар жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау, жылдамдықты асыру, ара қашықтықты сақтамау себептерінен орын алуда.

Арқаның алты айға созылатын қытымыр қысы алдағы уақыттарда талай тосын мінез танытары сөзсіз. Мұндай жағдайда мамандар ең әуелі жолға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Ал апатты жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...