ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ШӘКІРТАҚЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

18:30, 15 қаңтар 2020

Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсті. Осылайша 200 мыңға жуық студенттің материалдық жағдайы сәл де болса оңалмақ. Мемлекет басшысы бұл туралы Жастар жылының жабылу салтанатында мәлімдеп, үкіметке тапсырманың орындалуын міндеттеді.  Шәкіртақының нақты қанша бағамға көтерілгенін әріптесім Байболат Ерқанат толығырақ баяндайды. 

Ағымдағы айдан бастап орта арнаулы және жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы көбейіп отыр. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20949 теңгеден 26186 теңгеге, магистранттардың шәкіртақысы 53530 теңгеден 66913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындар осы уақытқа дейін  81 998 теңге алып келген болса енді 102 498 теңге алмақ.  

МАҚСАТ ҚАБДЕШЕВ,  АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Қаржы мәселесі студенттер үшін өте өзекті. Себебі, тұратын жері бар, оқуға керек құрал-жабдықтар, тамақ жол деген сияқты. Бірінші кезекте ақша үшін емес, әркім өзінің білімін жетілдіру мақсатында оқу керек деп ойлаймын. Соған сайлас мемлекет те қолдау көрсетіп, міне, шәкіртақыны 25 пайызға көбейтті.    

Осы айдан  бастап колледж студенттерінің шәкіртақылары да 25%-ға артады. Еліміз бойынша олардың саны бүгінде 100 мыңнан астам.  Шәкіртақының өскендігін естіп куанғандардың бірі Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 4 курс студенті Айдын Хамза.  Шәкіртақының өсуі тек материалдық жағынан ғана емес, білімге деген талпынысты да  арттырады, - дейді Айдын Хамза.

АЙДЫН ХАМЗА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Қазіргі таңда көптеген студенттер оқумен бірге  ақша табу үшін қосымша жұмыстар атқарып жүреді. Енді сол жастар қосымша жұмыстарын тастап оқуға, мән беріп степендияға ілінетін болса, болашағы үшін кемел жол ашылар еді. Сонымен қатар,  шәкіртақының өскені студенттерге  үлкен мотивация болды. Осындай қолдау көрсетіп жатқан ел Президентіне айтар алғысымыз шексіз. 

Айта кету керек, шәкіртақы елімізде соңғы рет 2016 жылы өскен. Қосылған пайыздық қаржы жастардың білім алуына алаңсыз жағдай жасап, бір жыртықтарына жамау болмақ.  

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ САБЫР ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
19:33, 21 қазан 2020
ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар