ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

19:56, 16 қыркүйек 2020

ДК: Ақкөл ауданында жаңа жылу қазандығы салынуда. Ол аудан орталығының бірқатар әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлерін орталық жылу жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңірде жылу беру маусымына әзірлік аясында жаңа құбыр желілері тартылып, ғимараттардың жылу сақтау мүмкіндігін арттыруға бағытталған жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

РКС: Облыс аумағында жылу беру құрылғылары ғимараттың жертөлесінде орнатылған әлеуметтік нысандар, тіпті, пәтерін пешпен жылытқан көпқабатты тұрғын үйлер де аз емес. Ақкөл ауданының әкімдігі қауіпсіздік ережесіне кереғар бұл меселеге ұтымды шешім тапқан. Қолда бар жылу агрегаттарының қуатын арттыру арқылы шағын қаланың 40 мың шаршы метр аумағы орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылмақ.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма/// Бұл жылу қазандығы 24 мың шаршы метр аумақты қамтып келді. Жаңа жылу беру құрылғылары іске қосылған соң 40 мың шаршы метр ғимарат жылумен қамтылады. Осылайша бірқатар әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне қосылады. Балабақша, аудандық мәдениет үйі тәрізді нысандарға ғимарат ішінде орналасқан жеке жылу қазандықтары қауіп төндіріп келді. Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі 9-шы, 10-шы үйлердегі 100 пәтер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады.

РКС: Жоба құны 816 млн. теңге. Қазақстандағы алғашқы «Смарт қала» - Ақкөл әкімдігі жылу үнемдеу тәсілдерін де назардан тыс қалдырмаған. Осы мақсатта әлеуметтік мекемелердің терезелері, жылу жүйелері жаңғыртылуда.  

СНХ: ӘСЕЛ САДЫҚОВА, №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударама/// Мектеп ғимараты 1978 жылы салынған. Биыл мектебімізге ауқымды жөндеу жұмысы жүргізілді. Аумағы 2040 шаршы метр болатын шатыр ауыстырылды. 180 ағаш терезе жылу үнемдеуге ұтымды пластик нұсқасымен алмастырылды. Спорт залында 120 метр жылу беру құбыры жаңарды.

РКС: Аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов Щучинск қаласы қазандық-механикалық зауытының құрылғыларына сенім артып отыр. Бұған дейін де жергілікті өңірде шығарылған қазандықтар 8 жыл бойы мүлтіксіз қызмет етіп, уақыт сынынан өтіпті. Нысан қараша айында іске қосылады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...