ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18:45, 20 қараша 2020

ДК: Щучинск қаласында 82 шақырым жылу беру жүйесі бар, оның 32 шақырымының тозығы жеткен. Биыл қалада 5 жарым шақырым жылу құбыры жаңартылды. Облыс әкімдігі туристік өңірдің жылу беру жүйесіне 2 млрд. теңге бөлген. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев қаржының игерілуін бағамдап, жылу беру жүйесінің жұмысымен танысты.

РКС: Щучинск қаласындағы бірінші қазандыққа 429 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді. Бұл қаржы ғимаратты қалыпқа келтіріп, қосымша құрал жабдықтар сатып алуға жұмсалыпты. Осылайша, нысанның қуаты 50 гигакалорийге дейін жеткен.  Жылу қазандығының жұмысы, жағылған отын көлемі бұдан былай сандық жүйе арқылы бақыланады. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма/// Бұл өте жақсы бастама. Мұндай жүйе қазандықтардың жұмысын тәулік бойы үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Жұмсалған отын көлемін есептеп, заңсыз жылу ұрлаудың алдын алуға болады. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет.

РКС: Бұл нысан 4 мың тұрғынды жылумен қамтып отыр. Жүргізілген жөндеу жұмысы қазандықтардың қуатын арттырып, жылдар бойы жылу жүйесінен ажырап қалған көпқабатты 3 тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтуға мүмкіндік берді. 

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ/// Қазір пәтер иелері жылу жүйесіне қосылды. Қазандықтың қуаты толық жеткілікті. Абылайхан көшесіндегі 60-шы үйде ішкі құбыр желісінде кемшіліктер болған еді. Біз пәтер иелері кооперативімен бірлесіп бұл олқылықты жойдық.

РКС: Бірінші қазандықтың қосымша 10 гигаколорий жылу беру мүмкіндігі бар. Алайда, тұрғындарға жылу беру үшін жаңа құбыр желісі қажет. Облыс әкімі тиісті сметалық құжат әзірлеуді тапсырды. Бурабай кентінде жылу тапшылығы сезіліп отыр. Туристік елді мекенде қосымша 20 гигаколорий жылу беретін екі жаңа қазандық сатып алынды.

РКС: Құрылғы келер жылы іске қосылады. Бұл мақсатқа 800 млн. теңге бөлінген.   

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар