ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

19:48, 12 тамыз 2020

Жүргізуші: Бүгін Сенаттағы 17 мандатының тағдыры шешілді. Жоғары палата депутаттарының қатарына қосылғандар арасында экс-министр, облыс әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. Сондай-ақ төрт сенатор үйреншікті қызметіне қайта сайланды. Мәслихат депутаттарының таңдауы түскен 17 үміткер туралы толығырақ Азамат Алдоңғар айтып берсін.

НҰР-СҰЛТАН

КСМ: 17 мандатқа бас аяғы 46 кандидат таласты. Сенаторларды заңға сәйкес мәслихат депутаттары таңдайды. Елордадан ұсынылған үш үміткердің ішінде есімі елге етене таныс, саясатта сыралғы Ақылбек Күрішбаев аты озды. Экс-министр әрі ғалым Күрішбаев таңдаушылардың 75 пайыз дауысына ие болды.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ РЕКТОРЫ   00,01,09. Көптеген реформа жасаймыз, бірақ нәтижесі жоқ. Сондықтан осы саланың патриоты ретінде өзімнің білген білімімді, тәжірибемді қосқым келеді. Әлі де Құдайға шүкір жасымыз келіп тұрған жоқ.

КСМ: Жаңа сайланған 17-інің ішінде Күрішбаевтың екі бірдей түйдей құрдасы бар. Жалпы жаңа тізімдегі сенаторлардың алды 63 жаста болса, ең жасы 44-те. Гендерлік теңдік те ескерілген. 12 ер азамат, 5 нәзік жанды бар. Экс-сенатор Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан атынан кезекті рет парламенттің жоғарғы палатасында қызмет ету мүмкіндігіне ие болды. 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН 

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ  23 депутат  Могунова Данголе Антонасовнаға дауыс берді. 162 депутат Перепчина Ольга Валентиновнаға берді. Протокол бойынша осы сайлауда  Ольга Перепечина жеңіп,  87,5 пайыз алды.

ГЕОТИТР: ОРАЛ

КСМ: Перепечинаға Батыс Қазақстаннан топ жарған Ләззат Рысбекова әріптес болады. Орал гумманитарлық колледжінің қаржы директоры, өзін-өзі ұсынған үміткер. Бұл жолғы сайлаудың әдеттегіден айырмашылығы дауыс беру жасырын болғанымен, кабинкалардың пердесі жоқ. Бұл санитарлық талап. Маска, медициналық қолғап кигендердің кейбірі тіпті қауіпсіздігі үшін қаламдарын үйден қамдап келген.

Интершум: сайлаушыларды тексеру...

АҚТӨБЕ

КСМ: Ақтөбе мен Алматы облыстарынан саяси аламанға түсуге әу дегенде жеті үмкіткерден тіркелгенімен, мәреге екі-екі кандидаттан жетті. Әр өңірдің мәслихат депутаттары, өңірдің мүддесін ескере отырып, елдің азаматтарын таңдағандарын айтты.

ТАЛДЫҚОРҒАН

ЕРМЕК КЕЛЕМСЕЙІТ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Өзінің региондарына келіп, депутаттардың басын қосып, айтыңдар, сендер әр ауылдансыңдар, сенің ауданыңда қандай проблемалар бар? Қалай шешу керек? Не істеу керек деген бағытта жұмыс жасайтын болса, біздің көп мәселеміз у-шусыз ақ, ақырындап, ақырындап, мемлекетімізді дұрыс жолға түсіріп алуға мүмкіншілік болады деп ойлаймын.

КСМ: Эпидемиялық ахуалға байланысты биыл халықаралық байқаушылар тек елордадағы науқанды ғана бақылады.

РАШАД МАММАДОВ, ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КЕҢЕСІ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

00,04,27. Предварительно можно сказать/ алдын ала, сайлау демократия талаптарына сай ашық, Қазақстан заңына сәйкес өтті деген қортынды жасауға болады. Сайлау туралы барлық заңнамамен танысып шықтық. Қандай да бір ауытқушылықты өз басым байқаған жоқпын. Қортындыны біздің ұйым өз атынан алда жасайды.

КСМ: Бүгінгі сайлаудың қортындысы алдын-ала белгілі болғанымен,  Орталық сайлау комиссиясы ресми нәтижені ертең жариялайды. АА, Дархан Әлібек, өңірдегі тілшілердің көмегімен, ҰА.

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...