ШҰҒЫЛ! ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ЖАҢАРҒАН МҰРАЖАЙ

15:11, 9 қаңтар 2020

 


Халықтың өмір салтын бүкпесіз бейнелейтін жауһар жәдігерлерді жинақтаған қасиетті шаңырақ Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы биыл өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпекші. Айтулы дата қарсаңында жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы реэкспозициядан өткізіліп, көпшілік көрермендерге есігін айқара ашты.

Жарық әрі кең экспозициялық зал сөрелеріне моноблоктар қойылса, жан – жақты және толық ақпарат алушылар үшін жәдігерлерге QR - код енгізілген. Мұражай қорында 120 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтар сақтаулы. Қазіргі таңда мұражайда тұрақты 13 экспозициялық зал жұмыс істейді.

ГҮЛМИРА БЕКНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Облыстық музей қорында өте құнды және сирек кездесетін 80 мыңнан астам жәдігер сақтаулы.  Егер де аудандар мен  қалалардағы музейдің жеті филиалын қоса есептейтін болсақ жәдігерлердің саны 120 мынға жуықтайды. Бұлардың барлығы дерлік Ақмола өңірінің бай тарихы мен рухани құндылыұтарын паш етіп отыр деуге толық негіз бар. Биыл аймақта Алтын орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы және өзге де халықалық форумдар ұйымдастыру жоспарланған. Барлық талаптарға сай жаңартылған музейдің ұжымы осы іс-шараларға  белсенді түрде ат салысатын болады. 

Қазіргі заманғы техникалық құралдармен қамтылған мұражай ішінде халықтын рухани мұрасы - жәдігерлер мен этнографиялық туындылар, шежірелер, Ақмола төңірегінің арғы - бергі тарихы тұтастай жинақталған.

ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Қазіргі кезде Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінде халықаралық музейлерге қойылған талаптарға сай келеді. Оны қай тұрғыдан айтуға болады. Мысалы цифравизация жағынан, QR (кюар) код біз қойдық. Сонымен қатар нашар көретіндер үшін шрифт Брайльмен жасалған және естімейтін адамдарға жағдайлар жасалған. Сондай-ақ біз қазіргі кезде біз аудио гид деген программаны қарастырып отырмыз. 2020-шы жылдың ортасына қарай сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. Аудиогид бәлен тілде, 20-50 тілде кез-келген адам келіп, бүкіл ақпаратты ешқандай экскурсоводсыз қалаған тілінде ала алады.

Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып жаңартылған экспозициялық залдарда өлке тарихының ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі барлық кезеңдері кеңінен көрсетілген. Басқаша айтқанда қазіргі мұражай нағыз мәдени- ағартушылық орталыққа айналған десе де болады.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...