ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖӘДІГЕР...

16:06, 20 қазан 2020

РКС: Бокс және футбол ардагері Жәдігер Ахметқалиев бұдан төрт жыл бұрын өзі тұратын аулада «Авиатор» балалар футбол командасын құрған болатын.Қазіргі таңда жасөспірімдердің  осынау ұжымы  Көкшетау каласының жанкүйерлеріне жақсы таныс.

РКС: Ардагер спортшының алға қойған мақсаты біртіндеп орындалып келеді. «Авиатор» командасы талай жарыстарда жеңіске жетіп жүр. Жазғы маусымның соңғы ойындарын олар өз алаңдарында өткізді. Жаттықтырушы әрі демеуші Жәдігер Жәңкүшұлының жанындай жақсы көріп кеткен жасөспірімдер өздерінің шағын футбол клубын «Ағай және К» деп атайды.Бұл спорт жанашырына  көрсетілген құрмет болса керек.

СНХ:ЖӘДІГЕР АХМЕТҚАЛИЕВ, СПОРТ АРДАГЕРІ //қаз// бізден үй кезінде ұшқыштарға арналып салынған болатын. Сондықтан жасөспірім футбол командасын «Авиатор» деп атадық.Оның құрамында  6 мен 16 жас аралығындағы ұл-қыздар ойнайды.Ата-аналар дән риза. Олардың балалары спортпен айналысқалы сабақты жақсы оқиды.Денсаулықтары мықты.

РКС: Жазғы маусымның соңғы ойынына Көкшетау қаласының бірнеше балалар  футбол клубтары  қатысты.Турнир өте тартысты болды.

РКС:Өз алаңында өткен жарыста ,ардагер жаттықтырушы Жәдігер Ахметқалиевтың шәкірттері жеңіске жетті. «Спартанец командасы»  екінші орынды еншіледі.Лидер футболшылары үшінші жүлдеге ие болды. Ойын  соңыңда үздіктер анықталды.

СНХ: МАДИЯР БЕКТҰРҒАНОВ, «ЛИДЕР » КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ//рус// Жәдігер ағайға рахмет. Біздің ауланың балаларын біріктіріп жақсы команда жасақталды. Қазір бізді жанкүйерлер жақсы таниды.Болашақта шеберлігімізді арттыра түсеміз.

РКС:Жасөспірім футболшылар «Біздің Ағай» атап кеткен. Жәдігердің расында жаны жайсаң.

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар