ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ЖАРҚАЙЫҢДАҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР

19:48, 13 ақпан 2018

Аудан басшысының айтуынша, 2017 жылды аудан оң нәтижелермен аяқтады. Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтерген. Ағымдағы жылы Державинск қаласында жылу қазандығын салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 7 көпқабатты тұрғын үй мен 5 сауда үйі орталықтандырылған жылу беру жүйесімен қамтамасыз етілмек. Бүгінде ауданда жарық мәселесі де біршама шешілген.   

Есептік жиынға облыс әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев қатысып, облыстың 2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Соңғы жылдары өңірде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар ашылған. Биылғы жылы да облыстың бірқатар аудандарында жаңадан кәсіпорындар ашу жоспарланып отыр.   

Ауданда егін шаруашылығында ілгерілеу болғанымен, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу алдағы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген. Есептік кезеңде ірі қара саны 1,4 пайызға азайып, небәрі 12,2 мың басты құраған. Осы орайда, ағымдағы жылы сүт, ет өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды ашу жоспарланып отыр. Жиын соңында Жарқайың ауданының бірқатар азаматтары облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. «Державинская агропромтехника» серіктестігінің директоры Валентин Сидоровқа «Ерен еңбегі үшін медалі» табысталды. 

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

 «ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
«ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
14:19, 21 мамыр 2018
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...