ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ

19:24, 23 қаңтар 2018

Өткен жылдың қараша айында облыс әкімі Мәлік Мырзалин аудан экономикасын дамытудың 4 бағыты бойынша  нақты міндеттер белгілеген болатын. Олар: жеке инвесторларды жұмылдыру, агроөнеркәсіп нысандарын салу, дәнді-дақылдарды терең өңдеу желісін қалыптастыру және мал шаруашылығының дамуына басымдық беру. Бұл міндеттерді шешу мақсатында ауданда арнайы жұмыс тобы құрылған. Аудан әкімі Мұрат Балпан кәсіпкерлердің ауылшаруашылығына қаржы салуына қолайлы жағдай жасау, өңір басшылығының басты міндеті екенін ескертті.

Өңірде  мал шаруашылығын дамыту әлеуеті жоғары. Алайда көрсеткіштер көңіл көншітпей тұр. Мысалы ауданда, 457 мың гектар жайылымдық жер бар. Оның тек 148 мыңы ғана тиісті мақсатта пайдаланылады. Ауданда барлығы 39 кәсіпкерлік нысан мал шаруашылығына ден қойған. Ал ауыл тұрғындарының 62 пайызы жеке мал өсірумен айналысады. Алдағы мақсат мал басын көбейтуге көңіл бөлген кәсіп иелерінің санын еселеу. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл өңірдегі ата кәсіптің қайта түлеуіне қажетті басты алғышарт.

Өңірдегі ауылшаруашылығының басым бөлігі егістік алқаптарына тиесілі. Бұл бағыттағы басты мақсат дәнді дақылдарды өңдеп, нарыққа қосымша құнға ие дайын өнімді ұсыну. Осы мақсатта өңірде жаңа диірмен құүрылысы да қолға алынған. Арнайы жұмыс тобының отырысын қортындылай келе, аудан әкімі Мұрат Балпан белгіленген 4 бағыттың әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ауғанбек Манарбекұлы 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:58, 20 қараша 2018
ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
18:58, 20 қараша 2018
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
Толығырақ...
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
18:58, 20 қараша 2018
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕШЕНДІК ӨНЕР  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
18:28, 15 қараша 2018
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
18:28, 15 қараша 2018
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
Толығырақ...