ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР, БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР

18:31, 23 тамыз 2019

ДК:  Ақмола облысының аудан әкімдері осы уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өңірлік коммуникациялар қызметінде бірқатар брифингтер өткізуде. Осыған байланысты, Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айдар Байманов журналистермен кездесуде рухани жаңғыру бағдарламасының орындалу барысын жариялады. Сонымен қатар, «Туған жер», «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

РЗК: Жиында әлеуметтік кейбір мәселелер, өлкетану жұмыстары және ауыл-аймақтарды абаттандыру жайы қаралды. Есіл ауданы әкімінің орынбасары  БАҚ өкілдеріне аймақ  кәсіпкерлері бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды  жақсартуға нақты үлес қосып жатқандығын атап өтті.

СНХ: АЙДАР БАЙМАНОВ ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
2017 жылдан бастап қолдау білдіріп, 600 жүз миллион теңгеден астам сомаға 218  меморандум жасаған бизнес өкілдеріне  ерекше алғысымды білдеремін.

РЗК: Жуырда «Туған жер» арнайы жобасы аясында Интернациональное ауылында заманауи футбол алаңы салынған болатын.Сонымен қоса, Юбилейное ауылында 3,5 км-ға тарта  жол жөнделді. Айдар Итемгенұлы Заречное ауылындағы әлеуметтік маңызы бар құрылыс жобаларыны да тоқталып атап өтті.

СНХ: АЙДАР БАЙМАНОВ ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Ауыр атлетикадан спорт мектебі ғимаратына спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, Мәдениет саябағын қайта құру, модульді қазандық салу, Заречное ауылында көшелерді жарықтандыружұмыстары жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы «Газель» мен учаскелік инспекторға көлік табыс етілді Бұл бастамалар «Заречное» ЖШС басшылығымен жүзеге асырылды. Жыл сайын орта есеппен ауылдық округтердің әлеуметтік бөлігіне 300 миллион теңгеден астам қаржы құйылады.

РЗК:  Есіл ауданында  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 14 адам көтерме жәрдемақыға қол жеткізді. Сонымен қоса, 7 жас маманға тұрғын үй алуға бюджеттік несиеде бөлінген. 

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, «КОКШЕ-АКПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...