ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...

19:22, 17 мамыр 2019

STAND-UP: АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР /// Жарнама бизнесті жандандырудың бірегей тетігі. Алайда, көшедегі көз сүріндірер көрнекі ақпараттың қазақ сөзіне қиянаты жиі ұшырасып жатады. Мұның сыры неде? Еліміздің жарнама туралы заңының 6-шы бабы 2-ші тармағында аударма жарнаманың бастапқы мағынасын толық сақтауы тиіс деп анық айтылған. Алайда, көп жарнаманың қазақшасын оқысаңыз я күлеріңізді, я жыларыңызды білмейсіз.

РКС: Көрнекі ақпараттың көпе-көрнеу қиянаты осылай жалғаса бере ме?  Жарнамаға жұршылық не дейді? Бұл сауалдардың жауабын іздеп біздің түсірілім тобы Көкшетаудың көшелерін аралады. Байқағанымыз қателердің көбі төл дыбыстарымызды таңбалауда ұшырасады.

Интершум. Саламатсыз ба? Көшедегі жарнамаңызда қате барын байқадыңыз ба?

РКС: Кәсіпкерлердің бірі бет жүзін көрсетпеуді сұраса, өзгелері бейнекамерадан именген жоқ. Тіпті табан астында қатесін зерделеп, дереу шара қолдануға асыққандар да бар.

Интершум. Біз бұл жазудың қате екенін білеміз. жуық арада міндетті түрде ауыстырамыз. 

РКС:  Бизнес иелері жарнаманың жаңсақ жазуларын түзеуден бас тартпайды. Мына сөйлемдердегі әріп қателеріне елгезек жастар нұсқаған. Дәмхана басшылығына істің жайын жеткіздік. Олар өз кезегінде жас буынның бұл ісіне алғыс білдіруде.

СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАМБЕТОВА, ДӘМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ /// Мұны көріп ескерткен тұрғындарға үлкен рахмет. Алдағы уақытта міндетті түрде түзетеміз.

РКС:  Көкшетаудың көркіне кірбең келтіретін көрнекі ақпаратты бақылауға алу «Қала келбеті» шарасы аясында жүзеге асырылып отыр. Былтыр ертіктілер тобы 800-ге жуық қатені анықтаған.

СНХ: НАЗГҮЛ БӘКІРОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ /// Бұл жұмыс тобының мақсаты Қазақстан Республикасының тіл және жарнама туралы заңғдарының талаптарына сәйкес көшеде орналасқан көрнекі ақпараттардың қателерін анықтап, оларды түзетуге көмек ұсыну.

РКС:  Сонымен, көше аралап жүріп мынадай ой түйдік. Жарнамадағы қатеге өңір тұрғындары, әсіресе, белсенді жастар немқұрайлы қарай алмайды. Көрнекі ақпаратында қатесі бар кәсіпкерлер де айыбын түзетуге әзір. Демек, көшедегі қатені түзету тіліне жаны ашыған әрбір тұрғынның азаматтық белсенділігіне сын.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар