ШҰҒЫЛ! КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА Толығырақ

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАҢАША СИПАТ АЛМАҚ

19:49, 15 қыркүйек 2020

 

ДК: Жас ғалымдарды қолдау жаңаша сипат алмақ. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ғылым саласын дамыту үшін тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек екенін, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажеттігін де атап өтті. Ал біздің өңірдің жас ғалымдарын қолдау жұмыстары қалай жүзеге асуда? Бірге көрейік

РКС: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Динара Рыспаева өзінің қарамағындағы 6 адаммен бірлесе Білім және ғылым министрлігінің 26 миллион теңгені құрайтын грантын жеңіп алған. Ғылыми жобасы фольклорлық жанрға негізделген. Қазақ жерін мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің ертегілерін жинап, үш тілде құрастырған. «Ұлт тәрбиесінің негізі – ұлттың ауыз әдебиетінде» дейді жас ғалым. 100 данамен жарық көрген алғашқы басылымы жылдам сатылып кеткен.

СНХ: ДИНАРА РЫСПАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: /аударма// (01.52) Жинақтың бірінші бөлімі баспадан жарық көрді. Енді екінші бөлімін дайындаудамыз. Бұған Қазақстан аумағын мекендейтін 20-дан астам түрі ұлт өкілдерінің ертегісі енгізілген. Бұл кітап ағылшын тілін үйренушілерге де, мемлекеттік тілді меңгеремін, орыс тілін ұғынам деушілерге де тиімді. 

РКС: Ал филология ғылымдарының докторанты Гүлгүл Жеңісқызы қарамағындағы екі жас маманмен бірлесіп Абай мұрасын студенттерге таныту мақсатында оқу құралын құрастырған. Жобасы университет қабырғасында ұйымдастырылған байқауда үздік танылып, 1 миллион теңге грантқа ие болады.

СНХ: ГҮЛГҮЛ ЫСҚАҚОВА, «ЖАС ҒАЛЫМДАР» КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ, ДОКТОРАНТ: /қазақша//(02.14) Біздің жобамыздың мақсаты – Абайдың мұрасын танытатын, оның толық адам концепциясына байланысты берілген тапсырмалардың алгоритмін құру + және студенттердің өздік жұмысына арналған электронды жұмыс дәптерін дайындап жатырмыз.

РКС: Ғылыми жоба үшін университеттен 1 миллион теңге қаржыландыруды ұтып алған жас ғалымның бірі – Арман Хабдуллин. Оның жобасының тақырыбы – Ақмола жастарының арасындағы ұлтаралық қатынастар. Еліміздегі әртүрлі ұлт арасында қордаланған мәселелердің анық-қанығын зерттеп, сараптама жасауда. Арманды Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы сарапшы ретінде өздеріне шақырған. Жас ғалым Президент Жолдауындағы ғылымды қолдау бағытын қуаттап отыр.

СНХ: АРМАН ХАБДУЛЛИН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: /аударма// (00.33) Мемлекет басшысы ғылымға аса қатты көңіл бөлуде. Оның ғылымды ел экономикасын алға жылжытушы тетік көзі екенін ашық айтуы бізді қуантуда. Президент ұсынған ұтымды ұсыныстарды еліміздегі университтер жүзеге асыруға кірісіп те кетті бүгінде.

РКС: «Ғылымға жастар бармайды» деген стереотипті көзқарасты осы жас ғалымдар теріске шығарып жүргендей. Десе де, мемлекет тарапынан қаржылай қолдаусыз ғылым алға жылжымайды. Президент өз Жолауында Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды.

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: /аударма// Біздің университет бұл бағытта өз дайындығын бастап кетті. 25 ғалым шетелде тағылымдамадан өту үшін іріктелді. Сондай-ақ Президенттің жас ғалымдарға 1 мың грант бөлуі де қомақты қолдау. Бұған да дайындығымыз бар. Бұл грантқа жаңадан докторлық диссертациясын қорғап, ғылым әлеміне аяқ басқан жас ғалымдар үмітті. Біздің оқу орны соңғы төрт жыл қатарынан «Жастар және ғылым» атты байқау ұйымдастырып келеді. Нәтижесінде ғылыми зерттеулерді қаржыландырамыз. Мәселен, өткен жылы 3 ғылыми зерттеу жұмысына қаражат бөлінді.  

РКС: Өздерінің ғылыми зерттеулерін елдің экономикалық, әлеуметтік дамуына бағыттап жүрген жас ғалымдар енді жаңаша серпінде жасалатын қолдаудан үмітті.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
18:25, 22 қазан 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА
18:25, 22 қазан 2020
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...