ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

20:17, 29 маусым 2020

 

ДК: «Жастар тәжірибесі» оқуын тәмамдап, еңбек жолына алғаш қадам басқан түлектерді қолдауға бағытталған бағдарлама. Оның аясында жас маманға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалақы тағайындалады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтары тәжірибеден өткен жастарды әрі қарай жұмысқа орналастыру міндетін де өз мойнына алады. РКС: «Жастар тәжірибесі» жас мамандарға ұсынылған қолдау. Ол жоғары оқу орнын бітіріп, әр салада кәсіби білім алған жастарды еңбек нарығына жылдам бейімдеуге мүмкіндік береді. Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту орталығының мамандары жыл соңына дейін 29 жас маманды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр. СНХ: РАУШАН ӘЗИЕВА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ///0/24///Олар 6 ай бойы тәжірибе жинақтайды. Мамандығы бойынша диплом алғанына 3 жылдан артық уақыт өтпеуі тиіс. Оқуын аяқтағаннан кейін бізге келеді, біз оны мамандығы бойынша жұмысқа жібереміз. 6 ай бойы жалақысын біз төлейміз, және 6 айдан соң сол жерге жұмысқа тұрғызамыз. Жоспар бойынша 5 адам. Біз оларды жұмысқа орналастырдық. Одан бөлек, тағы 24 жас маманды еңбекке орналастыру көзделген. Қазір жастардың диплом алғанын күтіп отырмыз. Бізге жүгінсе, барлығына қолдау көрсетеміз. РКС: Асылмұрат ақпан айынан бері аудандық құрылыс және сәулет бөлімінде тәжірибеден өтуде. Құрылыс маманы колледжде тәлім алып, мамандығы бойынша жұмыс іздеген. Талапты жас мемлекеттік қызметке жолдама алып, 6 айға жуық тәжірибе жинақтаған. СНХ: АСЫЛМҰРАТ АМАНГЕЛДИНОВ, ЖАС МАМАН/// Жұмыспен қамту орталығына барып, еңбекпен қамту бойынша көмек сұрадым. Ол жерде мамандар маған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасуды ұсынды. Қазір аудандық архитектура және сәулет бөлімінде тәжірибеден өтудемін. Мемлекеттік қызмет тестін тапсырып осы жерде әрі қарай еңбек етуді жоспарлап отырмын. РКС: «Жастар тәжірибесі» бизнес нысандары мен өзге де мекемелерді маманмен қамтудың тиімді жолы. Осылайша, жұмыс берушілер өздеріне қажетті маманды жарты жыл бойы баулып, біліктілігін шыңдайды. СНХ: НҰРСҰЛТАН ҚАЛИМҰСА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// Біздің бөлімнің тікелей міндетіне кіретін мәселелердің бірі – ауданның мекенжай тізімін жүргізу. Сондай-ақ, құрылыс салынатын жер телімдерін белгілеу. Бұл іске Асылмұратты да баулыдым. Тәлімгер ретінде бұл жұмысты дұрыс атқаруына көмек көрсеттім. Алдағы уақытта біздің бөлімге жұмысқа алуға ниеттіміз. РКС: Асылмұрат бір айдан соң мемлекеттік қызметке тест тапсырады. Бөлім жетекшісі жас маманның жинақтаған тәжірибесі бұл сынақтан сүрінбей өтуіне, білікті маман болуына сенім білдіріп отыр. АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. ЖАҺАНГИР МҰҚАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...