ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАРЫСҚА ШЫҚТЫ

12:50, 16 мамыр 2018

РКС:  Бұл жарысты ұйымдастырып бас-қасында жүрген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары. Сарқылмас күш пен қайтпас қайсарлықты талап ететін бұл жарыста қатысушылар эстафеталық жарыста бақтарын сынап, түрлі кедергілерді еңсерді, сонымен қатар «Өрт сөндірудің білгірлері» атты кезеңде теориялық білімдерін сарапқа салды.

СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///РУС///Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жыл сайын осындай байқаулар ұйымдастырып тұрады. Біз мұндай жарыстар арқылы балаларды балашақта түрлі жағдайларда өздерін қорғай білуге баулимыз. Бұл жарысты жасөспірімдер  арасында ұйымдастыруымыздың сыры бар, өрт кезінде балалар қатты қорыққаннан, білгенінен жаңылып жатады. Осындай сәттерде бұл жарыста алған тәжірибелері көп көмегін тигізері сөзсіз.

РКС: Бұл додаға болашақта осы мамандықты жанына серік еткісі келетін балалар қатысуда. Әрбір қатысушы жеке жинаған ұпайлары арқылы командасының қоржынын молайтып, жеңіс тұғырына көтерілуге қол ұшын береді. Сайыс қорытындысы бойынша 19-шы мектеп ең үздік деп танылса, 18-ші мектептің командасы екінші орыннан көрінді. Гуманитарлық-техникалық лицейдің оқушылары үшінші тұғырға көтерілді.

СНХ: РАХЫМБЕРДІ ЫСМАЙЫЛ, №18 МЕКТЕП КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ///ҚАЗ///Мен өрт сөндірушілер жарысына бірінші рет қатысып тұрмын. Бұл жарыс біздерге қауіп төнген жағдайда қандай шара қолдану керек екенін үйретеді.

РКС:  Бүгінгі жарыс алаңында алған тәжірибелері оқушыларға болашақта өздеріне азық екені етенеден белгілі. Болашақта елін, жерін даудан  да, тілсіз жаудан да құтқарып қалу біздің қолымызда,- дейді жарысқа қатысушы әрбір өрен. Балаларды тілсіз жаудан қорғанудың айла-тәсілдеріне үйретуден жалықпай келе жатқан жетекшілері де марапатталды.  

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар