ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

15:27, 15 тамыз 2019

ДК: Дүниежүзілік банк пен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп қолға алған «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары өз кәсібін жүргізуді бастап та кетті. Жоба аясында  Ақкөл ауданында «Жан жылуы» атты білім беру және ойын-сауық орталығы ашылды. Орталықта аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары білім алуда.

РКС:  Ақкөл ауданында «ZHAS PROJECT» жобасы аясында «Жан жылуы» атты білім беру және ойын-сауық орталығы ашылды. Бүгінде орталық қабырғасында 15 бүлдіршін білім алуда.  Орталықтың ерекшелігі көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың мектепке дейінгі балаларын қабылдауында. Жоба 6 айға жоспарланған. Жоспарланған мерзімде әр сайын балалар құрамы жаңартылып тұрады. Балалар аталмыш орталықта түрлі интелектуалдық ойындар ойнап, жазу-сызуға бейімделеді. Жоба жеңімпазы Ақбота Мизамханның айтуынша, білім алушылар мен ата-аналар орталықтың ашылуын зор ықыласпен қабыл алған. Себебі, балалар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, мектеп қабырғасына базалық біліммен қадам баспақ.

СНХ: АҚБОТА МИЗАМХАН, ЖАС КӘСІПКЕР Құрамды жинау қиындық туғызды. Бірақ, аудандағы білікті ұл-қыздарды жинадым. Маусым айында жобаны жеңіп алғандығымыз жайлы хабар келді. Содан бірден жұмысқа кірісіп кеттік. Басты мақсатымыз балаларға базалық білім беріп, оларды мектепке дайындау.

РКС: Естеріңізге сала  кетейік, жоба жеңімпаздарының әрқайсысына 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат бөлінген. Басты талап, жас кәсіпкерлер өз кәсібін дөңгелетіп әкетуі тиіс. Жоба жетекшілері болашақта өз ісін жекешелендіру құқығына да ие.  Мақсат жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, қоғам өмірінде белсенділік танытуға баулу. Бүгінде 1200 жоба қаржылай қолдау тауып, жас кәсіпкерлер жер-жерде өз кәсіптерін жүйелі жүзеге асыруда.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...