ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС

14:11, 16 мамыр 2019

РКС: Таңсәріден Красный Яр селосындағы әскери-жаттығу алаңында 100-ге тарта жас өскін сап түзеді. Мұндағы мақсат жыл бойына жинаған әскери тәжірибені паш ету. Барлығында қобалжу. Жас сарбаз атағына кім ие болады деген сауал тұр көкейлерінде. Әр бөлімше кермеге тартылу, әскери эстафета, мергендік сынды спорт  түрлерінен сүрінбей өтулері қажет.

СНХ: ОРЫНБЕК САҒИДОЛЛА, «АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///  Елімізде Қарулы Күштердің 27 жыл толуына орай  алғаш рет қаламызда «Жас сарбаз» әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өткізіліп жатыр. Сол жарысқа «Айбын» әскери-патриоттық клубын алып келдік. Биыл републикалық деңгейде қатысатын «Айбын»  жастар жиынының алдындағы дайындық жарыс ретінде қабылдаймыз.

РКС: Студенттердің бойында әскери тәртіпті қалыптастырып, елге қорған болуға үндейтін мұндай сайысты жыл сайын атап өту көзделуде. Мұнда ер азаматтардан бөлек,нәзік жандыларда қатысып өзара бақ сынасуда.

СНХ: САЯ ТҰРСЫНБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШ ///Біз қазір осы сайысқа 5 ұл, 5 қыз келді. Қазіргі сайыста ұлдар турникке тартылып, қыздар пресс істеп, эстафета және де УЗК кию, автоматты толық емес бөлшектеп жинақтау сияқты әскери жаттығулар орындаймыз. Барлығына сәттілік. Ал, бізге жеңіс.

РКС: «Жас сарбаз»  әскери-патриоттық жарысының қорытындысы бойынша үшінші орын Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне бұйырды. Ал, жүлделі екінші орынды көпсалалы жоғары азаматтық қорғаныс колледжі місе тұтса, бірінші орын Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Айбын» патриоттық клубының еншісіне бұйырды. Жарыс соңында қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар үлестірілді. 

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...