ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР

21:17, 28 мамыр 2020

 

ДК:  Бүгінгі қоғам арасындағы өзекті мәселелердің бірі кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыс. Өткен жылдың өзінде өңірде жастар мен жасөсіпірімдерге қатысты 783 хаттама толтырылған. Ювеналды полиция өкілдерінің айтуынша, бұл балалардың санасына отбасындағы тәрбие бірінші кезекте әсер еткен.

РКС: Әдеттегіше, жасөспірімдермен айналысатын инспекторлардың есебінде тұрған балалар қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқандар. Тіпті, кейбір ата-аналардың екеуі де баланы тәрбиелеу құқығынан айырылған. Осылайша, көше тәрбиесін көрген балалардан жақсы іс шықпасы анық,-дейді тәртіп сақшылары. Тәрбие беруден қиналған енді бір ата-ана олардан көмек те сұрап жатады.

СНХАТА-АНА://РУСС/// Қызым 17-де. Алғаш рет үйден өткен жылы кетіп қалды. Полицияға көмек сұрап бардым. Олар жазған өтінішімді алып, оны іздестіруге кірісті. Волонтерлар тарапынан да көмек көрсетілді. 3 күн бойы іздедік. Табылғаннан кейін мұндай жағдайды қайталамау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оны есепке алды, одан соң үнемі тіркелген органға барып тұрдық. Бұдан басқа, мектеп әкімшілігінен арыз түсті, мектепте төбелесті деген. Бүгінде мемлекеттік органдар Тараз қаласындағы арнайы мектепке жіберу туралы шешім шығарды.  ///.

РКС: Жергілікті мамандар ата-аналарды әр баланың бос уақытын қадағалап, оларға көңіл бөлуді сұрайды. Себебі, жыл басынан бері кәмелетке жасы  толмағандардың қатысуымен 7 тонау фактісі тіркелген. Бұдан басқа, жасөспірімдер түнімен себепсіз сенделіп, ішімдік ішкен деректермен де   ұсталынуда.    

СНХ: НАЗИРА ТҰРСЫМБАЕВА, КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР: //РУСС// Жыл басынан бері ювеналды полиция тарапынан 783 әкімшіліктік хаттама толтырылған. Олардың көбі, заңды өкілдерсіз түнгі саған 11-ден кейін көшеде жүру, ішімдік ішуге қатысты. Ондайларды облыстық наркология диспансеріне медициналық сараптамадан өтуге жібереміз. Сол кезде ғана, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440 бабына сәйкес заңды өкілдеріне хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ал, 1 сәуірден бастап бұл 1 айлық есептік көрсеткіштің өзі 2 787 теңгені құрап отыр.   

РКС:Жыл бойы осы заңбұзушылық тағы да қайталаанса, онда аталмыш кодекстің 442-ші бабына сәйкес айыппұл көлемі 19 мың 446 теңгені құрамақ. Ерікті түрде бір апта ішінде айыппұл төленсе, онда ол сома 9 мың 723 теңге болады. Дегенмен, заңды бұзған жасөсіпірім ювеналды полиция тіркеуіне алынып, үнемі бақылау мен тексерістен өтпек.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, АЛЬМИРА САТЫБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...