ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАҒДЫРЫ - ҚОҒАМ ҚАҒИДАСЫ

15:06, 15 наурыз 2019

РКС: Жиын барысында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың себеп-салдары мен оны болдырмауға қатысты қабылданған шаралар, балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Шара еркін әрі диалогтық  форматында өтті.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Жасөспірімдердің қылмыс деңгейін азайту бағытында жұмыс істейтін комиссия мүшелері барлық ауданда бар. Өздеріңіз көргендей, бүгінгі жиынның өту форматы қазір өте маңызды. Себебі, баяндамаларды оқып кете салу оңай, бірақ, нақты қандай жұмыстар жасалып жатқандығын білуіміз керек. Мінез-құлқы қиын балалар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларымен тығыз байланыста болуымыз қажет. Сонда ғана жұмыс өнімділігі артады. Әр сала өкілдеріне берілген тапсырмалар өз уақытында тексеріліп тұратын болады.

РКС: Жарқайың ауданының мектептерінде 2400 оқушы білім алады. Соңғы есептік көрсеткіштер бойынша 17 бала тіркеуге алынып, 27 бала қауіпті топқа жатқызылған. Комиссия мүшелері тарапынан аталған балалармен қандай жұмыстар жасалып жатыр деген сұраққа сала жетекшілері жауап бере алмай жатты. Бұдан бөлек Атбасар және Есіл аудандарының жауапты өкілдері осы бағыттағы былтырғы жылға қорытындысын жасады. Атбасар ауданында өткен жылы тіркеуге алынған 16 өреннің биыл 9-ы тіркеуден шығарылған. Қалған жетеуімен алдағы уақытта жасөспірімдермен жұмыс жасайтын сала мамандары оңтайландыру шараларын жандандырмақ.  Ал Есіл ауданында жыл басталғалы 4 комиссия отырысы өткен.

СНХ: НҰРЛАН САМАТОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  /// Ауданымызда 2018 жылы 31 іс қаралып, 16 бала тіркеуге алынған еді. Бүгінгі күні олардың саны 3 балаға азайды. Яғни кему динамикасы байқалады. Өңірде 445 аз қамтылған отбасыдан шыққан бала бар. Олардың әрқайсысымен жұмыс жасап жатырмыз. Олардың мәдени шаралар мен спорт түрлерімен айналысуына жағдай жасалған. Әрі қарай жандандыратын боламыз.

РКС: Кемелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу қоғамдағы маңызды аспектінің бірі. Отырыстың қорытындысы бойынша сындарлы шешімдер қабылданып, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берілді.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...