ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

16:26, 10 тамыз 2017   236

Дмитриевка селосының екі тұрғыны, бірі 2000 жылы дүниеге келген, Щучинск қаласындағы «Туризм және сервис индустриясы» колледжінің студенті Вячеслав Эрбес пен екіншісі 2001 жылы дүниеге келген 9-сынып оқушысы Максим Нештеттер 3 адамның өліміне кінәлі деген күдікпен ұсталған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, бес жарым айдан кейін тиісті сот үкімі шығарылды.   

Сот отырысынан кейін осы іске жауапты судьяның өткізген баспасөз мәслихаты барысында белгілі болғанындай, бұл қайғылы оқиға наурыздың 1-күні түнгі сағат бір жарымдардың шамасында орын алған. Ішімдік ішкен 16 және 17 жасар бозбалалар Дмитриевка селосының тұрғындары, әкелі-балалы Николай және Дмитрий Помолюк пен Астанадан ауылдағы анасына келген, ал сол күні Памолюктардың қал-жағдайын білуге барған уақытта қайғылы оқиғаның куәгері болып қалған Марат Кунтуовты өлтірген. Осылайша 3 бірдей адамның жанын қиған қылмыскерлерге сот тарапынан барынша қатаң жаза тағайындалып отыр.   

Бұдан бөлек, сот шешімі бойынша кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлердің табыс көзі болмағандықтан, олардың ата-аналары немесе жақындары жәбірленуші жаққа өтемақы төлеуі қажет. Осылайша, Вячеслав Эрбестің отбасы жәбірленуші жаққа 3 миллион, Максим Нештеттердің жанұясы 2 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Алайда, қандай жаза тағайындалғанымен, дүниеден өткен адамдар өмірге қайтып келмейді. Олардың бейнесі ғана жақындары мен туған-туыстарының есінде қалды.        

Әйгерім Бекмағамбетова

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75