ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЖАСТАР ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ!

14:43, 18 маусым 2019

РКС: Облыстық прокуратура мен «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық орталығы өкілдерінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған шарада  жастардың бойынан жарқын болашаққа деген талпыныстың нышаны байқалды. Сондықтан, флеш-мобты ұйымдастырушы, әрі қоғамдық орталықтың төрайымы Гүлнәр Оразбаева жастар жылында өскелең ұрпаққа барынша қолдау көрсетіп, ерекше көңіл аудару керектігін тілге тиек етті.

СНХ: ГҮЛНӘР ОРАЗБАЕВА, «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: /// Бүгінде мемлекет тарапынан жастар үшін тиімді бағдарламалар, әлеуметтік жобалар қолға алынған. Алайда, экстремизм мен терроризм бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр. Көбіне өзінің әлсіздігі мен тәжірибесіздігінің арқасында жастар теріс ағымдар мен жат қылықтарға бой алдырып жатады.  

РКС: Қоғамдағы өзге ағымдар мен түрлі жаман әдеттерден жастарды сақтандыру барысында мұндай шараларды ұйымдастыру теріс қылықтардан бойларын арылтуға өз септігін тигізері сөзсіз. Ал, қарапайым жиындар мен лекцияларға қарағанда, осындай қызықты іс-шараларды жастар арасында өткізу дендеп еніп бара жатқан терроризмнің алдын-алуға, оған жол бермеуге септігін тигізеріне сенімдіміз,-дейді флэш-мобқа қатысқан жастар.

 СНХ: НҰРЖАН СМАҒҰЛОВ, «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕСІ: //// Заманауи мәселелерді ұрандатқан мұндай флеш-мобтар жастарды қызықтыра түседі деген ойдамын. Себебі, терроризм әлем бойынша бірінші орында тұрған басты проблема. Террористік актілер әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігін бұзып, берекесін қашырады. Қазір барлық ел бір арнада тоғысып, жалпы қоғамдық дертке қарсы тұруы керек. Қазақстан да өз кезегінде заманауи дерттің тарамауын қадағалап, оны жою жолында өз үлесін қосуда.    

РКС: Атап өтерлігі, жастардың қатысуымен өткен флеш-моб облыстық прокуратура өкілдері қолға алған «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы!» жобасы аясында ұйымдастырылды. Терроризмге қарсы мұндай іс-шаралар легі Атбасар, Степногорск қалалары мен Красный Яр кентінде тұратын жастар арасында да өткізілген. Сондықтан, терроризм мен экстремизмнің алдын-алуды тоқтатпай, жоспар бойынша басқа да аудандарды аралап, жастармен тілдесуді ұйғарып отырмыз,- дейді шараны ұйымдастырушылары.  

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...