ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» ФЕСТИВАЛІ

14:35, 14 маусым 2019

РКС: Еліміздің әр қиырынан келген жас дарын иелері  мен жергілікті әншілер әсем әннен шашу шашып, өз өнерлерімен жиналған жұртты тәнті етті. Әр композитордың өзіндік ерекшелігі бар. Бәрі заманауи ән биігіне шығып, қайталанбас өзіндік стилін  қалыптастыру үшін тер төгуде.

СНХ: АРМАН ЖАЙЫН, ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ//// Біз арнайы Нұр-сұлтан қаласынан келдік. Бұл өте ауқымды іс-шара. Жас әнші, композиторлардың өз өнерлерін халыққа танытуда үлкен мүмкіндік. Кеш соңында жергілікті домбырашылармен қосылып күй тартыс орындаймыз. Бір ерекшелігі бұл күй тартыста тек домбыра ғана емес, мысалы фортепиано аспабымен қатысамын. Аспаптың түрі көп. Бұл жаңаша форматта  болады.

РКС: Мәдени шарада халық әндерімен қатар, қазақ вальсінің королі атанған Шәмшінің әндері де шырқалды. Яғни, шараның ауқымды бөлігі де осы халық әндерінен құралған. Оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған әуелеген  әндердерді аға буын өкілдері де қосыла шырқады.

СНХ: МАҒЗҰМ ДӘУЛЕТӘЛИЕВ, КӨРЕРМЕН/// Бұл кеш өте жоғары әрі кәсіби деңгейде өтті. Мен әншілердің өнерінен шын ләззат алдым. Ұйымдастырушыларға мың алғыс.

РКС: Өнер әлемінде өзіндік сара жолын қалыптастырып келе жатқан дарындылардың арасында үлкен  сахнаны  бағындырған жүлдегерлер де бар. Солардың бірі – халықаралық байқаулардың лауреаты, дарынды дирижер Руслан Баймурзин.

СНХ: РУСЛАН БАЙМУРЗИН, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРИЖЕРІ/// "Жастар жылы" аясында Ақмола облыстық филармониясында бір жақсы шара өтіп жатыр. "Жастар жалыны" атты концерт. Жастарды қолдауға арналған үлкен шара деп ойлаймын. Негізгі ой – жас комозиторлардың әндерін дәріптеу.

РКС: Айта кетейік, өнер ұжымы  осы маусымды толағай табыспен аяқтады.  Яғни, 200-ден астам концерт ұйымдастырып, 35 мыңға тарта көрерменге қызмет көрсеткен. Маусымның ашылуы қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...