ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАҢА СЕРПІЛІСТЕР

15:44, 9 қазан 2019

2019 жыл – Жастар жылы. Жастар алдында жаңа белестер бағындыруға бағытталған көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға жан-жақты қолдау жасап, бастамаларының жүзеге асуына мүмкіндігінше қолдау көрсетілуі керектігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысының бұл ұсыныстары Қазақстан халқына Жолдауында жалғасын тапты.    

Сейітжан Қамытбеков – жас мемлекеттік қызметкер. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет етеді. Өзінің мақсатты жоспарларымен бөлісе отырып, мемлекетімізде сапалы білім алуға, жұмысқа орналасып, кәсіп бастауыңа бар мүмкіндіктер жасалған,-дейді. 

СЕЙІТЖАН ҚАМЫТБЕКОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – бүгінгі таңда маңызды орын алатын құжаттардың бірі. Мазмұны өзекті. Өз басым оны қолдаймын. Бұл жастар үшін ұранға айналғандай.

Иә, жастар үшін ұранға айналғандай,-дейді Сейітжан. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін анық айқындап тұр. Президент ұсынған реформалар, бәсекеге қабілетті қоғам құруға мүмкіндік туғызады.

БЕЛЛА ГАЗДИЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ  ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Басқару саласында қызмет ететін жастар саны күннен-күнге артуда: жас министрлер, жас вице-министрлер, жас депутаттар. Меніңше, аға буын өкілдері ғана басқару ісін атқара алады деген көзқарасты жою керек.  Қазіргі Қазақстан жастары мүлдем өзгеше. Олар өздеріне не керек екенін жақсы біледі және мақсаттарына жету жолдарын саралай алады. Тек айқын мақсат-мүдделеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін тетігін тапса болғаны. Менің ойымша, жастарымыз әлі талай таңдай қақтыратын жетістіктерге жететін болады.    

Парасатты, мақсаты айқын, талапты жастар – кемел ел келешегінің  кепілі. Ал ел болашағының жарқын болуына әрқайсымыз жауаптымыз,-дейді жалынды жастар.  

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, САНИЯ КОПЖАСАРОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ. КӨКШЕ-АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...