ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ЖАТАҚХАНАМ – АЛТЫН БЕСІГІМ...

12:44, 16 мамыр 2018

РКС: Жәнібек Мұхамбетияр Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 3-курс студенті. Оңтүстік Қазақстан облысынан білім қуып Көкшеге келіпті. Бірінші курста жатақханадан жайлы орын алған ол екіншіге көшкенде пәтер жағалаған. Өйткені студент көп, орын жоқ. Ал қазір...

СНХ: ЖӘНІБЕК МҰХАМБЕТИЯР, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ /// ҚАЗ/ 00:23 Жалдамалы пәтерханадан ауысып келдім осы жатақханаға. Өдеріңіз білетіндей қазір көптеген студенттер жалдамалы пәтерханада орналасады. + Біздей студенттердің осындай  қымбат пәтерде тұруға көп студенттердің қалтасы көтере бермейді. + елбасымыздың  бес әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырылуын  біз студенттер асыға күтеміз.

 

РКС: Студенттердің арманы – бір, жатақхана болса дейді. Өйткені, төрт қабатты ғимараттың жоғарғы қабаты бүгінде 86 адамға шақталған студенттер үйінің қызметін атқаруда. Алайда ол жерде көңіл сыйса, бәрі сыядының кебі. 100-ден артық бала тұрады. Төсек орын жетпегендер мынадай бүктемелі керуетте жатады.

СНХ: ГҮЛҒАЙША ЖАҚСЫЛЫҚ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ /// 00:17 Біз осы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері осы бес бастаманың жүзеге асырылғанын қалаймыз.  Өйткені біздің колледжде арнайы жатақхана жоқ. + Жатақханада тұрып жатқандардың дені бірінші курс студенттері, жетім және көпбалалы, аз қамтылған  отбасынан шыққан балалар. Ал қалған балалар жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр. +сол себепті осы бастама жүзеге асып жатса, нұр үстіне нұр болушы еді.

РКС: Колледжде 600-ге жуық студент білім алады. Ал жатақханада әлгінде айтқанымыздай небәрі 85 орын бар. Оның өзінде  жағдайы мәз емес. Колледж ғимаратының өзі кезінде қара жұмысшыларға арналған жатақхана ретінде салынған. Білім ордасының басшысы да Елбасы бастамасы қолға алынса, студенттердің жағдайы түзелетініне сенеді.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЫДЫРЫСОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ/// ҚАЗ/ 01:43 Оны жатақхана деп айтуға болмайды. Пайдаланып отырмыз. + 02:03 Жатақхана ауадай қажет. Елбасының ұсынып отырған бес әлеуметтік бастамасы өте орынды. Бізге бұл ауадай қажет. Өйткені біздің қыздар да, ұлдар да екінші, үшінші курстың студенттері. 17,16,18-дегі қыздар, ұлдар. Жалдамалы пәтерлерде тұрады.

РКС: Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасында студенттердің барлығын дерлік жатақханамен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондықтан  жергілікті әкімдік болашақ мәдениет қызметкерлерін  9 қабатты жатақханамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл студенттер  үшін көптен күткен елеулі оқиға болмақ.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

 «ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
«ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
14:19, 21 мамыр 2018
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...