ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУҒА ДАЙЫН

13:55, 13 мамыр 2020

 

ДК: Елдегі төтенше жағдайға байланысты жеке кәсіпкерліктің жартысынан астамының  қызметіне шектеу қойылғаны белгілі. Кейбірі қашықтан жұмыс істеуге көшті. Ал спорт саласы жұмысын біржола тоқтатты. Ендігі кезекте жекелеген жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың жұмысы қалай жандануда. 

 

РКС:  Жүзу орталығының жұмысы карантин жарияланған күннен - ақ тоқтады. Екі айдан бері ұжым жаттығуға келетін балғындар мен сүйікті істерін тағаттана күтуге мәжбүр болды. Бұдан бөлек, коммуналдық қызмет пен жалдама ақысы, жаттықтырушылардың жалақысы тағы бар.  Аква жаттығуларды үйде отырып, онлайн түрде орындау әсте болмайды.   

 

СНХ: ДИНА УСИНА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ  ///аударма/// Инстаграмм желісі жарылуға шақ қалды.  Жаттықтырушылар жұмысқа кірісуге  әзір. Жұмысты біртіндеп бастау үшін кезең-кезеңге бөліп тастадық. Алғашында  бассейнде бір жаттықтырушы және тек қана 2 бала болады. Бала саны бұдан аспайды. Егер нысанның жалдама құнын қымбаттатпаса, жаттығу бағасы сол күйінде қалады.  ///

 

РКС: Әділ Абай жүзуден жаттықтырушы. Ол бес жасқа дейінгі балаларды жаттықтырады. Карантин кезінде балалармен телефон арқылы үнемі байланыста болды. 

 

СНХ: ӘДІЛ АБАЙ,  ЖАТТЫҚТЫРУШЫ  ///аударма// Жаттығуды біртіндеп қайта бастаймыз. Ата-аналардың кейбірі карантиннің толық аяқталғанын күтіп отыр. ///

 

РКС: Регина Князюк фитнес-клуб жабылғаннан кейін Инстаграмм желісінде жабық аккаунт ашып, жұмысын ұйымдастырды. Бизнесі едәуір табыс әкелмегенімен, карантин аяқталғаннан кейін де қызмет ақысын қымбаттатпаймын,-дейді.      

 

СНХ:РЕГИНА КНЯЗЮК, ФИТНЕС НҰСҚАУШЫ ///аударма // Мен фитнестегі қызметімді тіпті бүгіннен бастап та ашуға әзірмін.  Енді шешімді күтіп отырмыз. Үйде қол қусырып отырғанды ұнатпаймын. Сондықтан жұмысқа кірісуге дайынмын.///

 

РКС: Еске салайық, облыстағы бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мектепке дейінгі балаларға арналған үйірмелер жұмысына әзірге рұқсат жоқ. Сондай-ақ түрлі сайыстар ұйымдастыруға да тыйым салынған. Карантин кезінде аймақта 32 дәріс, 800-ден астам шара онлайн түрде өткізілген болатын.

 

 

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, РАМИЛЬ ДУСУМОВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...