ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

14:43, 18 маусым 2019

РКС: Аталмыш фестиваль бұл күні Қазақстанның барлық қалаларында өтуде. Яғни, фестиваль аясында жас өрендер өнер қауымдастығының құрамына кіретін бірнеше спорт түрінен өз өнерлерін ортаға салды. Жиналған көпшілктің назарына көрнекі ұрыстар ұсынылып, оның ішінде әр спортшы өзінің айналысатын жекпе-жек түрінің техникасын тереңінен көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.

СНХ: ЖАСҰЛАН ЖАНТАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨНЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ/// Спортшылар өздерінің түрлі әдіс-тәсілдерін, жекпе-жектегі техникаларын көрсетуде. Яғни, таза шоу болады.  Қатысушылар спорттың 12 түрінен сынға түседі. Атап айтсам, каратэнің 4 түрінен, греплингтің 2 түрінен, қоян-қолтық ұрыс, панкратион, самбо, таэквондо және джу-джитсудан да өз бақстарын сынайды.

РКС: Каратэ спорт түрі қазіргі таңда аймақта жақсы дамып келеді. Яғни, бұл күні спорттың осы түрімен айналысатын жасөспірімдердің ұзын саны 2 мыңнан асып жығылады. Өзінің шеберлігімен көпшілікті тәнті етіп, әдіс-тәсілдерімен көзге түскен спортшылардың бірі-Әділхан Сәтбаев. Ол каратэ-киокушинкай спорт түрімен 8 жасынан бастап айналысып келеді.  Бұл күні облыстық, республикалық бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп жүр.

 СНХ: ӘДІЛХАН СӘТБАЕВ, ҚАТЫСУШЫ/// Каратэмен айналысқаныма 13 жылға жуықтады. Бұл спорт бізді алға жетелеуге, рухымыздың берік болуына көп ықпалын тигізеді. Бұл жерде спортшылар каратэнің түр-түрінен сынға түсуде. Біз бар күшімізді салып, халыққа ұнайтындай көрсетілім ұсынамыз деген ойдамын.

РКС: Айта кету керек, Онтүстік Қазақстан облысынан бастау алған игі шара 6 шілде күні Нұр-сұлтан қаласында түйінделмек. Көкшетаулықтар да аталмыш фестивальден қалыс қалмай, 11-ші қала болып аталмыш шараны жалғастырды. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шара келер жылы да өз жалғасын табады деп күтілуде.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...