ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП...

18:30, 13 маусым 2018

РКС: «Звездный» балалар сауықтыру орталығының бірінші ауысымына оқушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналыпты. Мұнда балалар жазғы демалыстарын қызықты өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

СНХ: АРМАН ӨМІРЗАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ, ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Біздің балалар сауықтыру орталығының бағдарламасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асуда. Орталықта демалып жатқан балалардың көбі Ақмола, Маңғыстау облыстары және Астана қаласынан келген. Сондай-ақ, бұл жерде «Ақниет» қорының, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларға арналған тегін билеттері бар. Бұл олардың жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне тамаша мүмкіндік.

 

РКС: Жазғы маусымның басталуына орай, жаңа технологиялармен жабдықталған арнайы коворкинг орталығы ашылды. Балалар коворкинг орталығында білікті мамандардан жан-жақты білім алып, ағылшын тілін үйренеді.

СНХ: АЙЫМ ӘБІЛДЕНОВА, «ЮНОСТЬ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ Бізде балалар тек қана демалуға келмейді.Коворкинг центрде балалар ағылшын, қазақ, орыс және басқа тілдерді оқуға мүмкіндігі бар оларда. +02:21///Тағы да мұнда «Юность» деген облыстық педагогикалық отряд жұмыс істейді. Жанайдар Мусиннің колледжінен студенттер келді. Мына жерде балалармен жұмыс атқаруға. Бізде жазғы программа өте қызықты. Балалардың өте жақсы, қызықты жазғы демалыстарын өткізуге мүмкіндіктері бар.

 

ДЛЯ РУСС: АРАЙ АБЕНОВА, ГЛАВНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

РКС: Коворкинг орталығында балалардың ағылшын тілін меңгеруіне көмектесетін түрлі бағдарламалар жасалған. Ыңғайлы үстелдер мен топтық және жеке жұмыс істейтін алаңдар бар. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі танымдық кітаптарды, көркем әдебиеттің жауһарларын дәстүрлі немесе электронды түрде оқуға болады.

СНХ: ӘРСЕН ЕРКІН, ОҚУШЫ Мен осы балалардың сауықтыру орталығына демалысқа келдім. Мұнда өте қызықты. Тәлімгерлер бізбен жақсы жұмыс істейді. Достарым көбейді. Мұнда Қазақстан латын тіліне көшкеннен кейін ағылшын тілін өте жақсы білу керек. Мен басқа түрлі тілдерді әлі меңгеріп жатырмын.

РКС: Бірінші ауысымға демалуға келген балалар бір-біріне тез үйренісіп, тіл табысып та үлгерген. Әсем ән мен биден шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. Оқушылар жақсы демалып, жаңа оқу жылына жаңа күшпен барамыз, - дейді.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...