ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДҮКЕН АШЫЛДЫ

19:06, 18 маусым 2019

СЭНДАП:ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, РЕДАКТОР ///Электрондық дүкен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Сіздер көріп тұрған терминал арқылы жазасын өтеушілер азық-түлік және жеке бас гигенасына қажетті тауарларға тапсырыс бере алады. Ал, жеткізілген тауарлардың құнын төлем карталары я болмаса терминал арқылы есеп айырысуға болады. ///   

РКС: Түзету мекемесінің аумағында жаңадан ашылған электрондық дүкеннен бөлек кәдімгі дүкен де орналасқан. Алайда мұндағы тауар бағасы нарықтағыдан әлдеқайда жоғары саудаланатын көрінеді.   

СНХ: ҚАЙРАТ АЙДАРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ///  Жол картасын іске асыру  аясында аталған мекемеде электрондық дүкен пилоттық жобасы қолға алынды. Бұл идея біздің департаменттің бастамасымен жүзеге асты деуге толық негіз бар. ҚР-сы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті тарапынан қолдау тапты. Аталған жоба жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен жүйелі түрде жүзеге асырылатынына сенім мол.  ///   

РКС: Интернет-дүкеннің жұмысын ұйымдастыруды аймақтағы «Прометей» қоғамдық қоры өз мойнына алған.

СНХ. ОЛЖАС СЫЗДЫҚОВ, «ПРОМЕТЕЙ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ  //  Түзету мекемелерінде интернет-дүкен ашу идеясы көптен бері көкейде жүрген мәселе болатын. Өздеріңізге белгілі, дәстүрлі дүкендерді жалға алу құны мен интернет-дүкен ұйымдастырудың бағасы жер мен көктей. Негізгі қаражат терминал мен оған қажетті бағдарлама әзірлеуге жұмсалды. Жабық мекеме болғандықтан, мұндағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау мәселелері ескерілді. Электрондық дүкен арқылы сауда жасау ыңғайлы, арзан әрі уақыт үнемделеді. ///  

РКС: Электрондық сауда саласын­да қолға алынған іс-шаралар шағын және орта бизнес субъектілерінің әкімшілік шы­ғын­­дарын азайтуға, тауарлар мен қызметтерді интер­нет арқы­лы сатуға деген халық­тың сенімін арттырады. Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге де ықпалы зор.

СНХ: РАЙХАН БРАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //// «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып жатқан дүние. Осы мекемедегі азаматтар ертең еркіндікке шықан кезде де олардың ортаға тезірек бейімделуіне де өзінің ықпалын тигізеді. Сондай-ақ мекемелерде жасырын  бүркемеленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болады. Солардың алдын-алуға бағытталған шара. ///    

РКС: Интернет-дүкен тізімінде 1 мыңға жуық тауар түрі бар көрінеді. Жазасын өтеушілер оларды терминал арқылы таңдап, тапсырыс жасайды. Дүкеннің жұмыс уақыты таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін. Тапсырыс тізіміндегі тауарларды жеткізу мерзімі аптасына үш рет жүргізіледі.   

СНХ: ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ ///// Қазіргі шығып жатқан бағдарлама электронный- магазин жақсы болды. Өйткені алыстан заттарды алуға болады. Мұндағы магазинде керекті заттар болмайды. СКЛ+ Адам көп, жетпей қалады. Енді ондай қиыншылық болмайды деп ойлаймын. Өзімізге керекті шәй, сабын жуынуға қажетті заттар. /// 

РКС: Гранитный кентіндегі ЕЦ166/25 түзету мекемесінде қазіргі таңда 500-ге жуық азамат жазасын өтеп жүр. Жарты жыл ішінде элоктрондық-дүкеннің жұмысы өз тиімділігін көрсететін болса, пилоттық жоба тұрақты түрде қолданысқа енгізілетін болады.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...